Ағымдағы жылғы 21 тамызда Астана дипломатиялық клубы жанынан құрылған дипломатиялық мектеп қатысушыларының «Отaндaстaр қоры» КеАҚ президенті Абзал САПАРБЕКҰЛЫмен кездесуі өтті

23 Тамыз, 2023

2010 жылы Астана дипломатиялық клубы жанынан құрылған дипломатиялық мектеп Халықаралық қатынастар саласында білікті жас мамандарды даярлайды. Жоба іске асқан сәттен бастап қазірге дейін 2000-нан астам адам оқып шықты. Мектепте 50-ден астам елдің Төтенше және Өкілетті елшілері, халықаралық ұйымдардың басшылары дәріс береді.

Абзал САПАРБЕКҰЛЫ жас дипломаттарға Қоғамның мақсаты мен міндеттерін түсіндіріп, негізгі қызметінің басым бағыттары мен өзекті жобалары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Жиында жастар қазіргі таңдағы шетелдегі қазақтар мен бұрынғы отaндaстaрымыздың әлеуетін қолдану бойынша, оның ішінде мамандарды ел дамуындағы озық жобаларға тарту бойынша мемлекеттік саясат, еліміздің бұл бағыттағы арнайы бағдарламалары мен стратегиялары, шетелдегі қазақтардың тіл жағдайы туралы көптеген сұрақтар қойып, жан-жақты жауап алды.

Кездесу соңында Абзал САПАРБЕКҰЛЫ жас мамандарға сәттілік тіледі.

Ағымдағы жылғы 21 тамызда Астана дипломатиялық клубы жанынан құрылған дипломатиялық мектеп қатысушыларының «Отaндaстaр қоры» КеАҚ президенті Абзал САПАРБЕКҰЛЫмен кездесуі өтті