Ақпараттық қолдау орталығының фронт офистері мамандарына арналған семинар-кеңес өтуде.

17 Қаңтар, 2020

Нұрсұлтан қаласында 16-17 қаңтар аралығында ​ «Отандастар қорының»​ Ақпараттық қолдау орталығының фронт офистері мамандарына арналған семинар-кеңес өтуде. Оған 10 қалада жұмыс істеп жатқан фронт офистер қызметкерлері қатысып жатыр.Семинар-кеңестің мақсаты мамандарға көші-қон заңдылықтарындағы жаңа өзгерістерді түсіндіру, елге оралған қандастардың құжаттарын реттеу рәсімдерін жетілдіру жолдарын пысықтау және оларға қолдау көрсетудің жаңа ​ тетіктерін таныстыру. Бұған қоса оған қатысушылар «Отандастар» ​ ақпараттық қолдау орталығының қандастарға қызмет көрсетудегі жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерін жан-жақты үйренетін болады. Семинар-кеңесте ​ «Отандастар қоры» мен Дұниежүзі қазақтары қауымдастағы жүзеге асырып жатқан жаңа мәдени-іскерлік бағыттағы жобалар таныстырылуда. Қазақ тілін үйрететін онлайн-кластар,шеттегі қандастардың балаларына арналған жазғы демалыс шараларын ұйымдастыру,»Қазақ үйі» мәдени іскерлік жобалары туралы кең ақпарат берілді.
«Отандастар» ақпараттық қолдау орталығы 2019 жылы құрылған болатын. Оның құрамына фронт-офистер мен колл орталықтар кіреді.

Ақпараттық қолдау орталығының фронт офистері мамандарына арналған семинар-кеңес өтуде.