Шетелдегі қазақ тілді БАҚ «Urker - 2023» Ұлттық бәйгесіне қатысады

16 Тамыз, 2023

Биыл, шетелдегі қазақ тілді БАҚ құралдары “Urker”-2023 Ұлттық бәйгесіне “Үздік халықаралық БАҚ” номинациясы бойынша қатысуға мүмкіндік алды.

Осыған сәйкес «Отaндaстaр қоры» жанынан құрылған «Шетелдегі қазақ тілді БАҚ» ассоциациясы өз дайындық жұмыстарын бастап кетті. «Біздің мақсат “Urker”-2023 Ұлттық бәйгесінде шетелдегі БАҚ құралдарын барынша көбірек қатысуын қамтамасыз етіп және жақсы нәтиже беретіндей жұмыстарды көрсету»- дейді Қоғам баспасөз хатшысы Н.Жұмағазиев.

Бүгін шетелдегі БАҚ құралдарының басшыларымен алғашқы кездесу өтті. Кездесуге «Медиа дамыту қорының» медиа жобалар бөлімінің жетекшісі Бибигуль Құламан қатысып, кандастарымызға Ұлттық бәйге туралы айтып және қатысу шарттарын толық түсіндірді.

Жиынға шетелдегі БАҚ тың басшылары толық қатысып, өз сауалдарына жауап алды. Ендігі кезекте өз ұжымдары және редакция туралы, ақпарат беріп бәйгеге қатысу үшін өтінімдерін әзірлейді.

Шетелдегі қазақ тілді БАҚ «Urker - 2023» Ұлттық бәйгесіне қатысады