АРМАНДАР ОРЫНДАЛАДЫ, МАҚСАТЫҢ АЙҚЫН БОЛСА

09 Тамыз, 2023

Бүгін СІМ қарасты "Отaндaстaр қоры" КеАҚ басшысы Абзал САПАРБЕКҰЛЫ ширек ғасырдан астам тарихы бар "Азия Дауысы" байқауының қатысушысы Мұса Маратпен кездесті. Мұса Марат - Өзбекстанның тумасы, этникалық қазақ. Кәсіби музыкамен айналысып, өнерде өзіндік сара жолын қалыптастырып келе жатқан талантты азамат. "Отaндaстaр қоры" КеАҚ жариялаған кастингке қатысып, топ арасынан суырылып шығып, "Азия Дауысы" жобасына жолдама ұтып алған болатын.

Мұса Марат: “ Алматыға алғаш келуім. Тарихи жоба кезінде сезінген сезімімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. “Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы” демекші, өнердегі және өмірдегі ұстазым, Қарақалпақстан Республикасының Халық әртісі Гүлнар Мүнтеева да 1992 жылы “Азия Дауысы” байқауына қатысқан болатын. Армандар орындалады, мақсатың айқын болса”.

Кездесу барысында Қоғам басшысы Абзал САПАРБЕКҰЛЫ Мұсаның шығармашылығымен танысып, алдағы жоспарларына сәттілік тіледі. "Отaндaстaр қорының" мақсат - міндеттерімен қысқаша таныстырып, келешекте шетте жүрген талантты кандастардың басын қосатын игі жобаларды бастауға ниетті екенін білдірді

АРМАНДАР ОРЫНДАЛАДЫ, МАҚСАТЫҢ АЙҚЫН БОЛСА