ҚР СІМ қарасты "Отaндaстaр қоры" КеАҚ басшысы Абзал САПАРБЕКҰЛЫ бүгін Франциядан келген арнайы қонақ - Яшар Дінч мырзамен кездесті. Яшар ақсақал - аталары Алтай, бірақ өзі тағдыр тәлкегімен Пәкістанда туған этникалық қазақ. Ертеректе отбасы бауырлас Түркия еліне көшіп келіп, сонда өсіп-өнген. Жұмыс іздеп Франция астанасы Парижге барады, ол жерде жеке тегін цехын ашып, 30-40 адамды жұмыспен қамтып, сонда қызмет еткен. Францияда Еуропадағы тұңғыш қазақ ұйымын ашып, Мұстафа Шоқай деп атаған.
Ақсақал: *Қайда жүрсем де Қазақстанға деген ыстық ықыласым ерекше болды* дейді. *Түрлі мемлекеттерге барып, кеденнен өтер кезде маған : “Ұлтың кім? Кәріссің ба, жапонсың ба? Қазаққа дым ұқсамайсың!”,- деген сөздері намысыма тиетін. Содан 2019 жылы көп сұраққа нүкте қою мақсатында Қазақстан азаматтығын алдым. Көк паспортымды қазір шекарадан өткенде мақтанышпен көрсетемін. "О, Қазақстан!",-деп айтқанда бір марқайып, мақтанмын!”*-дейді көпті көрген ақсақал. Кейіннен Яшар мырзаны өзі тұратын ауданда “Қазақ Ата” деп атап кеткен екен.
Жаз шықса елдегі қазақтар шет елге қыдыруға асықса, соңғы жылдары баларының қасында жүрген Яшар атамыз демалуға Қазақстанға келеді. Әр жыл сайын Атамекеннің түкпір-түкпірін шарлап, ішкі туризмнің дамуына өзіндік үлесін қосуды. Әлі де барар жерім, басар тауым көп дейді. Болашақта бала - шағасын Атақонысқа көшірмек ойы бар.
Кездесу соңында ақсақал Қоғам қызметкерлеріне ақ батасын беріп, әлемді шарлауға кеңес берді. Себебі, “Көпті білгеннен емес, көпті көргеннен сұра” деген қазақта жақсы сөз бар. Қоғам басшысы Абзал САПАРБЕКҰЛЫ Яшар мырзаға шапан жауып, ыстық ықыласпен шығарып салды.