Қоржындағы күмбірлеген қос ішекті домбыраны көргенде Серікбай Назарұлы: “Алыстағы өнерпаз ағайындарымыз киелі домбыра апаратынымызды естіп қуанып қалды”,-деп ризашылығын білдірді. Бауырлас мемлекеттен келген қонақтарымыз алыстағы ағайынның дұғай-дұғай сәлемімен қатар, жуырда ғана Ташкент қаласында өткен дүбірлі “Достық фестивалі” аясында Өзбекстандағы қазақ мәдени орталығы өкілдерімен кездесу кандастарымыздың мерейін үстем еткенін тілге тиек етті. Сонымен қатар, кездесу барысының маңызын арттырып, Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілік өкілі Фарход мырза арнайы келіп, “Үлкенге-құрмет, кішіге - ізет” демекші, құрметті қонақтармен амандасты. Қоғам басшысы Абзал САПАРБЕКҰЛЫ Фарход мырзаға шапан жауып, бауырлас қос мемлекет арасындағы достық пен ынтымақтастықтың іргелі дамуына тілектестік білдірді