Қазақ тағамдарын ұлықтайтын ұлттық мейрамхана керек.

13 Қаңтар, 2020

Талғат Адуов, "Отандастар қорының" бірінші вице-президенті:
«Отандастар қорына» ұлттық тағамдарды ұлықтап жүрген Моңғолиядан атамекенге көшіп келген кәсіпкер,технолог маман,ғалым Өнерхан Сансызбайұлы ағамыз қонаққа келді. Ағамыз жай келмеген екен.Көптеген ұсыныс,жобаларын ортаға салды. Өнерхан Сансызбайұлы елордамызда тек бірегей ұлттық тағамдарды ғана ұсынатын мейрамхана жоқтығына​ қынжылыс білдірді. «Өкінішке қарай кейбір ұлттық тағамдарымыз ұмытылып бара жатқаны жасырын емес. Оған енді жол бермеу үшін бас қаламыз Нұрсұлтанда тек қазақтың ұлттық сусындары мен тағамдарын ғана ұсынатын, ішінде салт-дәстүрімізді көрсететін қолөнер бұйымдары самсап тұратын, кірген бетте домбырасы күмбірлеп, өз ән-күйімізбен қарсы алатын ұлттық мейрамхана ашылуы керек»-дейді ел ағасы. Ағамыздың ойын бізде құптаймыз. Мұндай мейрамхана тек ұлттық тағамдар ішетін орын ғана емес, мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді дәріптейтін ұлттық брэндтік орталыққа айналатын еді. Сондықтан қадірменді ұлттық намысы бар кәсіпкер мырзалар,ағамыздың ұсынысын қолдасаңыздар,бірлескен жобаларды пысықтауға дайынбыз.

Қазақ тағамдарын ұлықтайтын ұлттық мейрамхана керек.