Шетелдегі қазақ тілді БАҚ “Үркер”-2023 Ұлттық бәйгесіне “Үздік халықаралық БАҚ” номинациясы бойынша қатыса алады

11 Тамыз, 2023

Баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы үздіктерді анықтайтын «URKER» – 2023 Ұлттық бәйгесіне өтінімдерді қабылдау басталды.

Медиаконтент өндіретін және тарататын республикалық, өңірлік және халықаралық радиостанциялар, баспа және интернет-басылымдар байқауға қатыса алады.

Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 9 тамыздан бастап 4 қыркүйекке дейін жүзеге асырылады.

Өтінімдер urker-awards.kz ресми сайтында 12 номинация бойынша қабылданады:

1.Жылдың үздік сұхбаты
2.Жылдың үздік репортажы
3.Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал
4.Жылдың үздік журналистік зерттеуі (Сейдахмет Бердіқұлов атындағы арнайы номинация)
5.Жылдың үздік аналитикалық материалы
6.Жылдың үздік жаңалықтар порталы
7.Радиостанциядағы үздік жоба
8.Жылдың үздік фотосуреті
9.Үздік өңірлік БАҚ
10.Үздік халықаралық БАҚ (баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы)
11.Үздік подкаст
12.Үздік YouTube каналы

📌Соның ішінде Үздік халықаралық БАҚ (қазақ тілінде ақпарат тарататын шетелдегі баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы БАҚ) номинациясы бойынша шетелдегі қазақ тілді БАҚ  қатыса алады😍👏

Үздік халықаралық БАҚ-ты анықтауда тақырыптар мен бағыттардың ашылуы, тақырыптар мен оқиғалардың сапалы қамтылуы, сондай-ақ басылымның кезеңділігі бағаланады.

🖇️Үздік халықаралық БАҚ (қазақ тілінде ақпарат тарататын шетелдегі баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы БАҚ) - өтінімге басылымды тіркеу туралы куәлік және PowerPoint немесе PDF форматында 12 беттен аспайтын презентация қоса беріледі, онда жобалар, айдарлар, авторлар және өзге де оқиғалар, сондай-ақ басылымның бір нөмірінің PDF форматындағы сканерленген нұсқасын қоса бере отырып, басылымның қызметін сипаттайтын маңызды фактілер немесе электрондық басылымға белсенді сілтеме көрсетіледі. Номинацияда тақырыптар мен бағыттардың ашылуы, тақырыптар мен оқиғалардың сапалы қамтылуы, сондай-ақ басылымның кезеңділігі бағаланады.

Жұмыстарды құрамына беделді журналистер, саланың еңбек сіңірген қайраткерлері мен халықаралық медиа сарапшылар кіретін байқаудың тәуелсіз қазылар алқасы бағалайтын болады.

Конкурс қорытындысы бойынша әр номинацияның үздік өкіліне жеңімпаз атағы беріліп, «URKER» - 2023 естелік мүсіншесі және 1 000 000 теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйақы табысталады.

Ұлттық бәйге ұйымдастырушылары - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры.

Толық мәлімет https://urker-awards.kz/ сайтында.

Шетелдегі қазақ тілді БАҚ “Үркер”-2023 Ұлттық бәйгесіне “Үздік халықаралық БАҚ” номинациясы бойынша қатыса алады