"Отандастар қорының" бірінші вице-президенті Талғат Адуов: Атамекенге оралған қандастарымыз ұлттық қолөнерімізді дамытуға ерекше үлес қосып келе жатқанын атап өтуіміз керек. Елге оралған соң, кәсіпкерлікті қолға алып,қолөнер бұйымдарын жасап,сатуды жолға қойған сондай жанның бірі-Салтанат Өмірәлі.Бүгінде өзі құрған«Елмұра» компаниясында 300-дей адам жұмыспен қамтылып, мыңға жуық ұлттық қолөнер бұйымдарын жасап,сатумен айналысады. "Отандастар қоры"өз ісін дөңгелете білген осындай қандастарымызды шеттегі ағайындарымызға үлгі етеді. Олармен бірлескен жобаларды жүзеге асыруды да пысықтап жатырмыз.Алдағы уақытта осындай қолөнершілердің жасаған ұлттық бұйымдарын әлемге таныту мүмкіндіктерін қарастыратын боламыз.