“Жас қазақ” жазғы лагері өз жұмысын бастады

05 Шілде, 2023

Бас қаланың төрінде “Отандастар қоры” КеАҚ басшысы Абзал Сапарбекұлы сайдың тасындай әр елден іріктеліп келген “Жас қазақ” жазғы лагерінің қатысушыларымен жүздесіп, алғы сөз сөйледі.Демалыстарын жақсы өткізіп, ұлттық құндылықтарды барынша бойларына сіңіру арқылы Отанға деген сүйіспеншілік пен құрметтің артатынына сенім білдірді.

Атамекенге аяқ басқан 200-ге жуық этникалық қазақ балалары Бурабай төріндегі “IQanat High School of Burabay” мектебіне жайғасты. Қазақтың салт-дәстүріне сай “отауларға” бөлініп, квест ойнау арқылы бір-бірлерімен танысып,білісті. Этно-лагерь қатысушыларына арналған арнайы күн тәртібі бекітілді.

 

“Жас қазақ” жазғы лагері өз жұмысын бастады