Бүгін «Отандастар қоры» КеАҚ жанындағы Қоғамдық комиссиясының отырысы өтті.
Алқалы басқосуға комиссияның төрағасы Мұрат Бақтиярұлы мен қоғам қайраткерлері, комиссия мүшелері, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, БАҚ өкілдері қатысты.
Отырыс барысында негізгі баяндаманы «Отандастар қоры» Қоғамының президенті Абзал Сапарбекұлы жасап, Қоғамның өткен жылы атқарылған жұмыстары мен биылғы жоспарлары туралы баяндап өтті.
Сонымен қатар, Түрікменстандағы қандастарымыздың Атамекенге көшу жағдайы да қозғалды. Бұл мәселе бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Испанов Ильяс баяндап, солтүстік өңірге қоныстандыру жайына тоқталды.
Жиын соңында талқыға түскен мәселелерге комиссия мүшелері өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды.
Еске сала кетейік, екі жылдан астам қызмет етіп келе жатқан бұл Қоғамдық комиссия отандастарды қолдау мәселелері бойынша басқосулар мен талқылаулар ұйымдастырып, тиісті құзырлы органдарға жұртшылық мүддесін жеткізіп келеді.