Будапештегі BARSZ қазақ-мажар қоры тарихи тамырын жаңғыртуда

21 Сәуір, 2023

Мажарстан астанасы Будапештте Наурыз мейрамы арқылы қазақтың бай мәдениеті мен салт-дәстүрін дәріптейтін жиын өтті. Мерекелік іс шараны Қазақстан Республикасының Елшілігі мен Мажар-Қазақ ,,BARSZ" қоры бірлесіп ұйымдастырды.

Мажар жұртшылығы шығармашылық ұжымның шеберлігіне, қазақ ән-күйінің құдіретіне тәнті болды. “Dobos" zenekar тобы Наурыз мерекесімен барша Қазақстандықтарды құттықтап өз ән шашуларымен келді. Сондай-ақ Амира мен Али атты жастардың орындауындағы “Дударай" әніне жұрт ерекше тәнті болды. Ал анасы мен қызының “Қамажай” биіне көрермендер оң бағасын берді.
Сонымен қатар ең кішкентай бүлдіршіндер де мерекелік іс-шараға атсалысып “Наурыз көктем'' атты тақырыбында сурет салды. Ең әдемі сүрет салған бүлдіршіндерге арнайы сыйлықтар табысталды. 

Ал күрес сайысына қатысқан 80 жастағы Ванди Кунд есімді ақсақал ортаға шығып, жастармен бәсекеге түсті. Сексенді сеңгірген қарияға сыйлықтар табысталды. 

Өзге елде жүрсе де қазақ халқының ұлттық құндылықтарын дәріптеп, жастарға мұра етіп қалдыруда еңбектеніп жүрген жандарға айтарымыз алғыс.

Будапештегі BARSZ қазақ-мажар қоры тарихи тамырын жаңғыртуда