10 сәуір күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен кездесу өткізді.
Келіссөздер алдында «Ақорда» резиденциясында ресми қарсы алу рәсімі өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Содан кейін президенттер шағын құрамда келіссөз жүргізді.
Сапар нәтижесінде бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойылды. Оның ішінде, ҚР СІМ қарасты «Отандастар қоры» КЕАҚ пен Әзербайжан Республикасының Диаспорамен жұмыс жөніндегі Мемлекеттік комитеті арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандумда, Қазақстан мен Әзербайжан халықтары арасындағы достықты дамыту және нығайту саласындағы өзара іс-қимылдың маңыздылығы мен қажеттілігін ескере отырып, рухани және мәдени жақындықты сақтауға жан-жақты ықпал етіп, өз аумақтарында тұратын қазақтар мен әзербайжандықтардың этникалық, тілдік және мәдени бірегейлігін қолдауға және ұлттық заңдарға сәйкес олардың қоғамдық саяси, мәдени өмірге белсенді қатысуы үшін жағдай жасайды және Түркі Мемлекеттері Ұйымы аясында түркі халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеуге қолдау көрсетеді - делінген. Меморандум шеңберінде екі елдің ұйымдары халықаралық платформада диаспора мәселелерінде ынтымақтастық орнатады деп қарастырылған.