"Отандастар қоры" КеАҚ мен "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ арасында меморандумға қол қойылды

Меморандум қазақстандық компаниялардың тауарларын сыртқы нарықтарға ілгерілету мәселелері бойынша шетелдегі этникалық қазақтармен және диаспоралармен өзара тиімді серіктес болуға негізделген.

Меморандум келесі мәселелерді негізге ала отырып жасалды:
- Шетелдегі этникалық қазақтар арасында насихаттау арқылы қазақстандық компаниялар өнімдерінің экспортын дамытуға жәрдемдесу;
- Өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарлары мен қызметтерін сыртқы нарықтарға жылжыту мәселелері бойынша қазақстандық компанияларды ақпараттық қолдау мақсатында ұйымдастырылған іс-шараларға қатысу және танымдық медианы қолдау;

Қол қою рәсіміне «Отандастар қоры» КеАҚ  президенті Абзал Сапарбекұлы және «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамының бас директоры Бөкейханов Нұралы Әлімұлы қатысты.

16 Қараша 2022

Кері байланыс

Записаться