Меморандум қазақстандық компаниялардың тауарларын сыртқы нарықтарға ілгерілету мәселелері бойынша шетелдегі этникалық қазақтармен және диаспоралармен өзара тиімді серіктес болуға негізделген.
Меморандум келесі мәселелерді негізге ала отырып жасалды:
- Шетелдегі этникалық қазақтар арасында насихаттау арқылы қазақстандық компаниялар өнімдерінің экспортын дамытуға жәрдемдесу;
- Өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарлары мен қызметтерін сыртқы нарықтарға жылжыту мәселелері бойынша қазақстандық компанияларды ақпараттық қолдау мақсатында ұйымдастырылған іс-шараларға қатысу және танымдық медианы қолдау;
Қол қою рәсіміне «Отандастар қоры» КеАҚ президенті Абзал Сапарбекұлы және «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамының бас директоры Бөкейханов Нұралы Әлімұлы қатысты.