Меморандум бірлескен экскурсиялық жобаларды жүзеге асыруға негізделген.
Кездесу барысында "Kazakh Tourism" өкілдеріне "Отандастар қорының” жұмысы толыққанды таныстырылды, және екі тарап алдағы уақытта серіктестікті жалғастырып, жобаларды бірлесе іске асыруға уағдаласты.
Меморандум келесі мәселелерді негізге ала отырып жасалды:
- Шетелдегі этникалық қазақтарды қолдауға бағытталған еліміздің стратегиялық жоспарларын жүзеге асыруда бірлесе әрекет ету;
- Шетелдегі отандастарды және шетелдегі қазақ диаспоралардың қолдауымен Қазақстанға туристтерді тарту бойынша бірлескен жобалар мен науқандар өткізу;
- Тараптардың ортақ мақсаттары шеңберінде басқа да ынтымақтастық жобаларды жүргізу.
Қол қою рәсіміне Абзал Сапарбекұлы және "Kazakh Tourism" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарушы директоры Даниел Сержанұлы қатысты.