Otandastar

"Отандастар қоры" ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай шетелде тұратын қазақ диаспорасы өкілдерінің ішінен оқушылар арасында шығармашылық конкурс жариялайды.

01 Қыркүйек, 2022

Байқаудың негізгі шарттары:

1. Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны, шығармашылығы жайлы бейнежазба түсіру және Ахмет Байтұрсынұлының кез келген шығармасынан үзінді оқу;

2.  10 қазан – 20 қазан аралығында «Ахмет.Ұлт ұстазы» телехикаясының негізінде Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны, шығармашылығы жайындағы тест тапсырмаларын орындау; Оқушылар мен Жоғары оқу орнының студенттеріне бөлек тест тапсырмалары жасалған.

3. Байқауға қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде қатысуға болады.

Байқау талаптары:
1. Бейнежазба ұзақтығы 5 минуттан кем болмау керек;
2. Дауыстың ашық, сөздің анық әрі түсінікті шығуы;
3. Локацияның дұрыс таңдалуы;
4. Байқауға қатысушылар: мектеп оқушылары және Жоғары оқу орнының студенттері (этникалық қазақтар);
5. Байқауға жолданатын үзіндіні өзіңіздің Instagram, Facebook немесе TikTok парақшаңызға толық аты-жөніңіз, тұратын еліңіз жайлы мәліметтермен қоса @otandastar_qory - Instagram, @OtandastarQory - Facebook, @otandastarqory - TikTok  әлеуметтік желілерінің бірін және #ultustazy150 хэштегін белгілеп салу қажет.

Үміткерлер жұмысын қабылдаудың межелі мерзімі 2022 жылғы 
25 тамыз - 20 қазан аралығы екенін естеріңізге саламыз. 
Қапы қалмаңыздар, қандастар!
Жоба 2022 жылғы 25 тамыздан 20 қазанға дейін жалғасады.

Кері байланыс

Записаться