2022 жылдың 9-10 маусым аралығында Өзбекстандағы республикалық қазақ ұлттық мәдени орталығының 30 жылдығына арналған мерейтой өтті.

22 Маусым, 2022

Мерейтой аясында Қазақ ұлттық мәдени орталығына арналған Мекембай Омарұлының «Ташкент қазақтары тарихы және мәдени өмірі» атты кітабының тұсаукесері болды.

Аталмыш мерейтойда « Өзбекстан қазақтары: экономика, ғылым және мәдениет» атты ғылыми - практикалық конференция өтті.

Іс - шара барысында бірнеше маңызды кездесулерде өтті. Атап айтсақ, «Отандастар қоры» делегациясы Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинеті құзырындағы Ұлтаралық қатынастар және шет мемлекеттермен достық байланыстар комитеті және Өзбекстан «VATANDOSHLAR jamoat fondi» басшылығымен кездесті.

2022 жылдың 9-10 маусым аралығында Өзбекстандағы республикалық қазақ ұлттық мәдени орталығының 30 жылдығына арналған мерейтой өтті.