Өзбекстан республикалық қазақ ұлттық мәдени орталығының 30 жылдық мерейтойы аясында қазақстандық әртістердің қатысуымен гала-концерт өтті.

Концерттік шараға Қазақстаннан Ж.Шанин театрының әртістері, эстрада әншілері мен Қазына би тобы, Оркестр әртістері және Опера балет театрының балет тобы өнер көрсетті. Атап айтсақ, Майра Мұхамедқызы, Тұрар Әлменов, Хадиша Шалабаева, Нұрлан Балтақожа, Айгүл Азатова, Махмуд Урумбаев және Фархат Ескенеев сынды елге белгілі өнерпаздар ән шырқады.

Гала-концертте қазақ ұлт өкілдерінің көрнекті суретшілері, қолөнер бұйымдарының және жазушылар кітаптарының көрмесі өтті.

Сонымен қатар, концерттік шара аясында Қазақстандық Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті және М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеттерінің қатысуымен «Білім көрмесі» өтті.

Мерейтой «Отандастар қоры”, Шымкент қаласының әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

22 Маусым 2022

Кері байланыс

Записаться