Абзал Сапарбекұлы ҚР Президенті Телерадиокешенінің өкілдерімен кездесті

22 Маусым, 2022

Кездесу барысында Телерадио кешенінің өкілі, продюсер Алпамыс Шаримов пен журналист Жанар Байсемізова шет елдегі қандастарымыз туралы бағдарлама жобалары туралы ақпарат беріп, өздерінің ұсыныстарын «Отандастар қоры» президенті Абзал Сапарбекұлына айтты.

Ұсыныстарды талқылауда «Отандастар қоры» президентінің кеңесшісі Дидар Болат және Баспасөз хатшысы Нұрымжан Қасымұлы өз ой-пікірлерімен білдірді.

Алдағы уақытта ҚР Президенті Телерадиокешені мен «Отандастар Қоры» бірлескен жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты.

Абзал Сапарбекұлы ҚР Президенті Телерадиокешенінің өкілдерімен кездесті