«Отандастар қоры» президенті Абзал Сапарбекұлы , «Омбы қазақтары» ұйымының негізін қалаушы Торғын Әшеновамен кездесті

Кездесу барысында А.Сапарбекұлы Ресей және Омбы қазақтарының тыныс-тіршілігімен танысып, алдағы бірлескен жоспарлар туралы пікір алмасылды.

Сонымен қатар, Торғын Әшенова «Алтын адам» , «Алға» жастар форумы, «Ару қыз» қыздар конкурсы сынды жаңа жобаларымен таныстырып, келешекте мәдени жобалар арқылы екі ел арасында ынтымақтастықты арттыруға бағытталған іс-қимыл атқаруға келісілді.

Омбы өлкесінің тумасы Торғын Әшенова , бүгінде «Омбы қазақтары» газетінің бас редакторы .

22 Маусым 2022

Кері байланыс

Записаться