1 маусымда «Отандастар қоры» ҚеАҚ-нің президент кеңесшісі Дидар Болат Ақпараттық және ақпараттық коммуникациялық технологияларды дамыту Департаментінің директоры Ерсұлтан Ермановпен кездесті.

01 Маусым, 2022

Кездесу барысында шетелдегі қазақтар арасында IT-мамандарының ассоциациясын құру жолында атқарылатын жұмыстар талқыланды. Сонымен қатар, Ерсұлтан Ерманов шетелдегі цифрлық технология саласында жұмыс жасайтын және білім алып жүрген жастардың жаңа идеяларына қолдау көрсетуге дайын екенін айтты. 

Айта кетейік, екі жақтың келісімі бойынша маусым айының соңында IT саласында жұмыс жасап жүрген шетелдегі қазақтар арасында ZOOM қосымшасы арқылы онлайн кездесу өткізуге келісті.

1 маусымда «Отандастар қоры» ҚеАҚ-нің президент кеңесшісі Дидар Болат Ақпараттық және ақпараттық коммуникациялық технологияларды дамыту Департаментінің директоры Ерсұлтан Ермановпен кездесті.