«Отандастар Қоры» КЕАҚ басшысы Абзал Сапарбекұлы YTB басшысы Абдуллах Еренмен кездесті.
«Отандастар Қоры» КЕАҚ басшысы Абзал Сапарбекұлы 2022 жылғы 10 мамырда Түркия Республикасы, Анкара қаласында Шетелдегі отандастар және диаспора істері (YTB) басқармасының басшысы Абдуллаһ Еренмен кездесті.
Кездесу барысында екі мәселе қаралды. Бірінші кезекте екі ұйым арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумды жаңарту, екіншіден, қазақтардың Анадолыға қоныс аударуының 70 жылдығына арнап ортақ жобалар жасау туралы сөз болды. Сондай-ақ түркі диаспоралары шеңберінде ынтымақтастық мәселелері де талқыланды. Абзал Сапарбекұлы YTB ұйымының жобалар презентациямен танысты.
YTB басқармасының басшысы Абдуллаһ Ерен Отандастар Қорының бастамаларына қолдау білдіруге дайын екенін жеткізді.