Абзал Сапарбекұлы Түркияға іс-сапары барысында Анкарадағы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TIKA) басшысы Серкан Каялармен кездесті.
Кездесу барысында аталмыш ұйым мен Отандастар қорының ынтымақтастық мәселесі талқыланды. TIKA басшылығы өз кезегінде шетелдегі қазақ диаспорасының тілі мен мәдениетін дамытуға қатысты жобаларға қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Сонымен қатар агенттіктің түрлі мемлекеттердегі кеңселері арқылы өз мүмкіндіктерін ұсына отырып, жобалар негізінде бірлесіп жұмыс істеуге өзара келісімге келді.