Құрметті отандастар!
“Отандастар қоры” ұжымы Сіздерді және шуақты көктемнің алғашқы күнімен құттықтайды.
Алғыс айту күні - ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестіктің, қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған бейбітшілік пен келісімнің күні.
Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің қасиетті қазақ жеріне табан тіреп, қонақжай қазақ халқына білдіретін ризашылығы.
Осындай мерейлі күнде біз де бауырмал халқымызға, Атамекенге оралған әр ағайынға, тәуелсіз еліміздің туын әлемнің түкпір-түкпірінде желбіреткен отаншыл рухты қандастарымызға ризашылық білдіреміз.
Бірлігіміз бекем, бауырымыз бүтін болсын!
Құрметпен, Қоғам ұжымы