«НАУРЫЗ-БАТА» БАЙҚАУЫ

01 Наурыз, 2022

Ұлыстың ұлы күні, шығыстың Жаңа жылы - Әз-Наурыз мерекесіне орай «Отандастар қоры» алыс-жақын шет елдердегі этникалық қазақтар мен атажұртқа оралған қандастар арасында «НАУРЫЗ-БАТА» байқауын жариялайды!

Сайысқа жасы 40-тан асқан кез келген ер-азаматтар қатыса алады.

Бата-тілек отаншыл рухты оятып, ұлтты ұйыстыруға, ел бірлігін нығайтуға үндейтін мазмұнда болуы шарт.

Байқауға қатысушы бата-тілекті оқып тұрған сәтін ұялы телефонға түсіріп, дайынған видеороликті «Отандастар қорының» әлеуметтік желілеріне жолдауы тиіс.

Сондай-ақ Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріне #NavruzBata хэштегімен бейнежазба жүктеу және WhatsApp желісі арқылы (+7 778 682 55 25 нөміріне) не электрондық поштаға (serik_abduali@mail.ru) жолдауға болады.

Шығармашылық жұмыстар 15 ақпан мен 15 наурыз аралығында қабылданады.

Байқауда байсалды бата беріп, бағы жанған отандастарға ұлттық тарту-таралғылар табысталады!

Байланыс телефоны: 1404 және +7 701 000 14 04

Қосымша:
+7 (7172) 23 59 22
+7 778 682 55 25

«НАУРЫЗ-БАТА» БАЙҚАУЫ