Тыңдаушылар дайындық бөлімін аяқтағаннан кейін Ұлттық біріңғай тестілеуге қатысады.
ҰБТ тапсыру уақыты: 20 маусым мен 5 шілде аралығы
Тестілеу 5 пән (3 міндетті және 2 бейіндік) бойынша қағаз жүзінде алынады.
Тест тапсырмаларының саны – 120.
Ең жоғары балл – 140.
«Отандастар қоры» КеАҚ ұсынысымен биылғы жылы шекара ар жағында қалған қандастар үшін екінші рет ҰБТ «онлайн» форматта өткізілді.
Талапкерге қойылған басты талаптар: тестке қатысушы өзінің бір реттік құпия сөзімен платформаға кіріп тестті тапсырады. Талапкердің мониторы бақылауда болады және тест тапсыру уақыты толық көрсетілген бөлек видеоға түсіріп, тест жауаптарымен бірге жібереді.
Толық ақпарат: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020826
https://app.testcenter.kz/assets/instr_ent_2021kz.pdf
Жалпы Республикалық гранттың 4 пайызыдық квотасы қандастарға беріледі.