‒ мәдени-гуманитарлық бағыт бойынша
Қазақ мәдени орталықтарымен, қазақ қауымдарымен, ҚР шетелдердегі мекемелерімен мәдени-гуманитарлық және іскерлік байланыстарды дамыту және кеңейту мақсатында ағымдағы жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында әлемнің 20 елінен (Ресей, Иран, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Моңғолия, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Жапония, Финляндия, Норвегия, Германия, Литва, АҚШ, Швейцария, Канада, Украина, Нидерланды, Латвия, Франция) 4 500-ден астам отандастарымыздың қатысуымен 15 іс-шара, 20 кездесу, 4 конференция, 4 онлайн/офлайн жобалар өткізілді.
Олардың ішінде:
2021 жылы «Abai Uii» мәдени іскерлік үйлерінің бірыңғай желісін құру» (бұдан әрі – МІҮ) жобасы шеңберінде Қырғызстанда (Бішкек қ.) Қырғыз Республикасындағы қазақтар қауымдастығы базасында «Abai Uii» МІҮ ашылды.
Онлайн-форматта өзара ынтымақтастық туралы Меморандумдарға қол қойылды:
Анықтам үшін:
2018 жылдың қараша айынан бастап барлығы шет елдердегі қазақ мәдени орталықтарымен 71 меморандумға қол қойылды және 6 «Abai Uii» МІҮ ашылды.
Қоғам келесі онлайн-жобаларды іске асыруда:
‒ білім беру, қазақ тілін оқыту және жастармен жұмыс бағыттар бойынша
Жалпы 2021 жылы жалпы саны 780 онлайн сабақ өткізілді.
Қоғам қазақ тілі курсынан басқа тілге қатысты бірқатар жобаларды бастады:
2021 жылы қазақ тілін үйрететін 30 видео-сабақ түсірілді. (2020-2021 жылдары барлығы қазақ тілінен 90 бейне сабақ түсірілді, олар 350 мыңнан астам рет қаралды). Оның ішінде, ағылшын тілінде 10 видео, орыс тілінде – 10, түрік тілінде – 10 видео бар. Видеолар Қоғамның YouTube арнасы мен әлеуметтік желідегі парақшаларына жүртелді.
Сондай-ақ ағымдағы жылдың тамыз және желтоқсан айларында Qazaqsha Speaking Club ұйымдастырылды, онда 100-ден астам қатысушы қазақ тілінде сөйлеу дағдыларын машықтанды.
Шетелдегі қазақ қауымын Қазақстанның қазіргі жетістіктері туралы хабардар ету, оның ұлттық бірегейлігін сақтау, мемлекеттік саясатты іске асыру және мәдени байланыстарды нығайту мақсатында ағымдағы жылдың 22-24 қыркүйегінде Түркияда Ыстамбұл қаласында кіші құрылтай (бұдан әрі ‒ Құрылтай) өткізілді. Түрік тарапымен және Қазақстан Республикасының Ыстамбұлдағы Бас консулдығымен бірлесіп, Кіші құрылтайдың өтетін орны Ыстамбұл қаласы Бағжылар ауданындағы Кадир Топбаш атындағы халық сарайы болып белгіленген.
Құрылтай тақырыбы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. Жаһандану өркениетіндегі қазақ әлемі: Ғасырға бергісіз 30 жыл (Казахский мир в глобальной цивилизации: равный веку 30 лет).
Құрылтайда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары З.Қ. Тұрысбеков пен «Отандастар қоры» КеАҚ вице-президенті М.Қ. Сарбасов, Қазақстан Республикасының Стамбул қаласындағы Бас консулы А.Д. Байел, Стамбул қаласы Бағжылар ауданы муниципалитетінің мэрі Локман Чагырыжы, сондай-ақ Түркия қазақтары қауымдастығының төрағасы Ертолкин Гайнетуллах бастаған жергілікті қоғамдық ұйымдардың басшылары және Еуропадан келген қазақ диаспорасының өкілдері, барлығы 14 адам баяндама жасады.
Құрылтайға қатысушылардың жалпы саны ‒ 200-ге жуық адам.
Құрылтай аясында жас қандастарға арналған жоғары оқу орындарының «Білім көрмесі» ұйымдастырылды, оған Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, сондай-ақ халықаралық Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті қатысты. Мысалы, еліміздің заманауи жетістіктерінің тұсаукесері үшін «Алтын тамырлы Атажұрт» көрмесі ұйымдастырылды.
Іс-шараны жергілікті ақпарат құралдары өкілдері мен отандық БАҚ-тың меншікті тілшілері шараға ақпараттық сүйемелдеу жасады.
Фестивальді өткізу күні мен орны және ұйымдастыру, Естай атындағы гала – Мәдениет сарайы, 2021 жылғы 14-15 қазан. Қатысушылар мен қонақтар саны ‒ шамамен 100 адам.
Іс-шара шеңберінде ұйымдастырушылар есебінен фестиваль қонақтары мен қатысушыларының тұруы, тамақтануы және тасымалдануы және С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің жастары мен студенттері қатарынан еріктілерді тарту мәселелер шешілді.
Фестивальға іріктеу кезеңінен өткен қазақ диаспорасының өкілдері және шетелде тұратын 16 немесе одан жоғары жастағы этникалық қазақтар қатысты. Фестивальға Моңғолия, Өзбекстан, Қытай, Ресейден келген және Түркиядағы қазақ қауымдарының өкілдері қатысты.
Фестиваль қорытындысы бойынша конкурсанттарды марапаттау және фестиваль лауреаттары мен жеңімпаздарының, қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен Гала-концерт өтті.
Сонымен қатар, «Қазақстан тәуелсіздігіне – 30 жыл» фотозона, қолданбалы өнер шеберлерінің ауқымды көрмесі және этно-өнімді сату үшін «Шығыс базары» ұйымдастырылды.
Ақпараттық агенттіктер «Қасиетті қазақ елі» халықаралық фестивалі туралы ондаған материалдар жариялады.
Режиссерлік сценарийге сәйкес түсіру және монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру – түсіру және монтаждау-әзірлеу уақыттары режиссерлік сценарийге және календарлық-қойылым жоспарына сәйкес жүзеге асырылды. Тсүрілім Алматы, Шымкент, Ақтау және Көкшетау қалаларында жасалды.
Роликтерді түсіруге театр мен киноның маман актерлерімен басқа әуесқой актерлар да тартылды.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен 30 бейнероликтің сценарийі келісілді. Бейнероликтерді түсіру кезінде драматургиялық, тілдік, музыкалық, бейнелеу-пластикалық элементтерді қамтитын жанрға сәйкес сценарий мен мәнерлі құралдар мазмұнының талаптары сақталған.
Бейнероликтер өндірісі HD форматында сандық жоғары кәсіби түсірілім және монтаждау жабдығымен жүзеге асырылды.
ҚР-ға қоныс аударған этникалық қазақтарға ақпараттық қолдау көрсету мақсатында 14 өңірде (Ақмола, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Маңғыстау, Ақтөбе облыстары және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында) фронт кеңселер жұмыстарын жандандырды.
Қандастар мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен ынтымақтастықты орнату және нығайту мақсатында Қоғам орталық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдар қатысқан 55 онлайн және офлайн іс-шаралар (14 мемлекеттік органдар мен қандастар арасында кездесу, 25 онлайн кездесу, 3 оқу семинары, шетелден Қазақстанға қоныс аударған қандастарды күтіп алу аясында 3 кездесу және ҚАҚО жұмысының негізгі бағыттары бойынша 10 тікелей эфир мен сұхбаттар) өткізді/қатысты.
Бұдан басқа, қандастарды қолдау департаменті қоғамға жүктелген міндеттерді іске асыру және этникалық қазақтарды қолдау бағытындағы өзара іс-қимыл мақсатында 2021 жылы уәкілетті мемлекеттік органдарға 143 хат жолдады.
«Елді мекендерге шолу» бөлімінде ЖАО ұсынған 2815 елді мекеннің деректер базасы өңделіп, веб-порталында орналастырылды.
Erulik.kz порталын басқару, дамыту және қауіпсіздігін бақылау жұмыстары штатты режимде жүргізілуде, қазіргі уақытта веб-платформаның хостингі Қоғамға қарасты хостингке көшірілді.
Сайттың мәтіндік және визуалды мазмұны уақытылы жаңартылып отырады. Erulik.kz порталы іске қосылғалы бері веб-платформаны 1400 адам пайдаланған. Қолданушылар 3,6 мың әртүрлі парақшалар қарап, жалпы саны 12 мың іс-әрекеттер жасап, ақпараттармен танысқан.
Веб-платформаны пайдаланушылар көбіне Қазақстан, Қытай, Иран, АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Өзбекстан, Германия, Франция және Түркия елдерінің тұрғындары болып табылады.
I іс-шара. Шетелдегі отандастармен өзара әрекеттесу мәселелері бойынша зерттеулер. Зерттеу елдер: Ресей, Моңғолия, Иран, Қытай, Өзбекстан, Түрікменстан.
ІІ іс-шара. Тарихи және этникалық Отанына оралған этникалық қазақтардың демографиялық және интеграциялану мәселелерін зерттеулер.
ІІІ іс-шара. «Отандастар қоры» КеАҚ жанындағы Қоғамдық комиссиясының отырысын өткізу.
Шетелдік және Қазақстан Республикасына келген этникалық қазақтарды қолдауды қамтамасыз ету саласындағы өзекті проблемалар бойынша мәселелерді талқылау шеңберінде 2021 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Мұрат Бақтиярұлының төрағалығымен «Отандастар қоры» КеАҚ жанындағы Қоғамдық комиссияның 2 отырысы өтті.
Комиссияның бірінші отырысы 2021 жылғы 12 наурызда өткізілді.
Отырыс барысында шетелдік қазақтардың ұлттық тиесілігін айқындау; шетелдегі қазақ мәдени орталықтарын қолдау және қазақстандық телебағдарламаларды шетелде тарату мәселелері талқыланды.
Қабылданған шешімдер ҚР Үкіметі жанындағы шетелдегі отандастармен мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына ұсыну үшін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жолданды.
Комиссияның екінші отырысы 2021 жылғы 15 қазанда өткізілді.
Іс-шара барысында қандастардың ҰБТ тапсыру механизмін оңтайландыру немесе ҰБТ-дан басқа да альтернативті жолдарды ұсыну, қос азаматтық; шетелдегі қазақ мәдени орталықтарын қолдау, Солтүстік Қазақстан облысында репатрианттарды қоныстандырудың өзекті мәселелері, Азаматтық алған қандастардың шетелдік еңбек өтілін есепке алу, сондай-ақ басқа да өзекті мәселелер қозғалды.
Отырыстарды өткізу шеңберінде БАҚ-та 22 ақпараттық материалдардың шығуы ұйымдастырылды (3 республикалық басылымында, 9 телеарналардың жаңалық бөлімінде, 20 ақпараттық агенттіктер мен әлеуметтік желілердің жаңалық бөлімдерінде).
Қандастар туралы ақпараттар мен жарияланымдар жинау міндеттеріне сәйкес 30-дан астам БАҚ пен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіледі
Анықтама үшін:
Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары негізінен Қытай Халық Республикасында және Иран Ислам Республикасында таралуымен шектелген.
Отандық және шетелдік БАҚ пен әлеуметтік желілерін мониторинг жасау нәтижесінде ел ішінде де, шетелде де отандастарға қатысты 604 материал анықталды, оның ішінде қазақ тілінде ‒ 396, орыс тілінде ‒ 161 және ағылшын тілінде ‒ 47.
Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-тармен өзара қарым-қатынас орнату мақсатында отандық және шетелдегі бұқаралық ақпарат құралдарына «Отандастар қоры» КЕАҚ мен қандастар туралы 27 ақпарат жарияланды.
Ай сайынғы есеп бойынша резонансты оқиғаларға дер кезінде әрекет ету бойынша 12 ұсыныс берілді.
2021 жылғы қараша айында «Шетелдегі қазақ тілді БАҚ ассоциациясын» құрылды.
Отандастарымызға пайдалы ақпаратты дайындау және өзектендіру мақсатында Қоғамның домен бойынша oq.gov.kz ресми сайт жұмыс істейді. Есепті кезеңде сайтта қазақ және орыс тілдерінде 177 материал жарияланды.
Сондай-ақ ақпараттық жұмысты күшейту шеңберінде Қоғам және «El.kz» порталы бірлескен жұмыс жоспары бекітілді, оның аясында бірлескен жобалар дайындалды. Жоспарға сәйкес, «El.kz» порталында қазақ және орыс тілдерінде 46 материал, сондай-ақ «Көш» жобасына арналған 10 спикер бейне-сұхбат форматында ұсынылды.
Шетелдік және елге келген қазақтармен өзара іс-қимыл саласындағы өзекті мәселелер бойынша республикалық және өңірлік баспа БАҚ-та 20 мақала мен сұхбат жарияланды.
Отандастар үшін өзекті ақпаратты ұсыну мақсатында сайтта репатриациялау кезінде қолдау шаралары мен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша «Қандасқа кеңес» (Полезные советы) атты жаңа айдар ашылды. Есепті кезеңде айдарда 23 инфографика жарияланды. Сонымен қатар көптеген онлайн жобалар ұйымдастырды. Оларды әлеуметтік желіде насихаттау мақсатында 36 арнайы афишалар мен постерлер жасалып отырды.
Әлеуметтік желілерде қоғамның контентін одан әрі дамыту бойынша 963 пост жарияланды.
Қоғамның «Otandastar channel» атты YouTube-арнасына (https://www.youtube.com/channel/UCuKN7IPPq7fGjKWz9MjaYYA) жүктеліп отырды. 2021 жылы арнаға 75 видео жүктелді.
Бүгінгі таңда Қоғамның әлеуметтік желілеріне жазылушылар саны 91921 адамды құрайды. Оның ішінде: Facebook – 6738, Instagram – 80002, Youtube – 4779, Телеграм – 333, ВКонтакте – 51, Twitter – 18 жазылушы).