«Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» РҚБ мен «Отандастар Қоры» КЕАҚ бірлесіп «Қазақ үйі» мәдени-іскерлік үйін құрды.

06 Желтоқсан, 2019

Жоба мақсаты шетелдегі 250 қазақ ұлттық мәдени орталығын бірыңғай желіге біріктіру, мәдени мұраны танымал ету, шетелде қазақстандық бизнесті жылжыту үшін таяу және алыс шетелдерде қазақ диаспорасымен іскерлік және гуманитарлық байланыстарды дамыту, нығайту болса, міндеті қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнерін шетелде насихаттау және ілгерілету, ерекше дарынды тұлғаларды анықтау, оларды қолдау, халықаралық мәдени тәжірибе алмасу, елде және шетелде шығармашылық, мәдени әлеуеттін ілгерілету үшін жағдай жасау, қазақ тілін үйренуде шетелде отандастардың ұлттық-мәдени және зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға,  шетелде отандастардың бизнес-бастамалары мен стартаптарын іске асыруға қолдау көрсету; шетелде қазақстандық бизнесті жылжыту, Қазақстанға инвестициялар тарту, сонымен бірге ел экономикасына отандас-кәсіпкерлердің бизнес әлеуетін тарту.

          Жоба «Абай» мәдени орталығы мен «Атамекен» іскерлік үйі  екі ірі бөліктен тұрады.

Қазақ мәдени мұрасын көпшілікке тарату, сондай-ақ этникалық қазақтармен мәдени-гуманитарлық, білім беру жұмыстары бойынша негізгі блокты қамтитын «Абай» мәдени орталығы ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен және ҚР Білім және ғылым министрлігімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. Шетелде қазақ бизнесін ілгерілетуді, бизнес бастамалардыинкубациялауды қолдау және отандастардың жобаларын акселерациялауды ұйымдастыратын «Атамекен» іскерлік үйі «Атамекен» ҰКП-мен тығыз байланыста жұмыс істейді.

Ал «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігімен бірлескен «Атажұрт»  - қазақтілді  БАҚ қауымдастығы жобасы шет елдердегі қазақтілді к БАҚ-тарға жан-жақты қолдау көрсетуге, тәжірибе мен ақпарат алмасуға бағытталған.

Шетелдегі жастар ұйымдарын бір желіге біріктіру, тарихи Отаны төңірегінде шоғырландыру және оларға жан-жақты қолдау көрсету, ынтымақтастық пен өзара  іс-қимылды кеңейтуді көздеген «Жас Қазақ» жастар клубы» өз қызметін «Қазақстан жастарының Конгресі» заңды тұлғалардың қауымдастық бірлесе атқарады.

Қор мен қауымдастықтық бүгінге дейін мәдени –іскерлік үйін шет елде құру бойынша шет елдегі 250 қазақ ұлттық мәдени орталығының 36-мен келісім жасаса, бүгін өткен дөңгелек үстел барысында 17 ұйыммен келісімге қол қойды.

Алдағы жылы олардың санын 70 дейін жеткізу жоспарланып отыр.

«Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» РҚБ мен «Отандастар Қоры» КЕАҚ бірлесіп «Қазақ үйі» мәдени-іскерлік үйін құрды.