Тәуелсіздіктің және Ұлы көштің 30 жылдығы аясында ардагерлер «Отандастар қоры» бас қосты

03 Желтоқсан, 2021


«Отандастар қоры» КеАҚ Тәуелсіздіктің және Ұлы көштің 30 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының ғимаратында дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Жиынға Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков, «Отандастар қоры» КеАҚ Вице-президенті Мағауия Сарбасов, Ішкі істер министрлігі көші-қон қызметі комитетінің Азаматтық, иммиграция және эмиграция басқармасының басшысы, полиция полковнигі Ғани Шымырбаев, Қоғам Президентінің кеңесшісі Қалыбек Қобландин, Ақпараттық талдау департаментінің директоры Нұрхан Жалиев, Қандастарды ақпараттық қолдау орталығының үйлестірушісі Марат Тоқсанбаев, ақын, қоғам қайраткерлері Әкім Ысқақ, Ауыт Мұқибек, жазушы Жәди Шәкенұлы қатысты.

Іс-шара аясында қандастар көшін ұйымдастырып, олардың жергілікті жерде орналасуына, қоғамға бейімделуіне атсалысқан, көш мәселесімен тікелей айналысқан ардагерлер көшті оңтайлы жүзеге асырудың тетіктері туралы ойларын жеткізді. Қазіргі уақытта этникалық көші-қон саясатын жүзеге асырушы мемлекеттік органдардан келген жас мамандар аға буын қызметкерлерге сұрақ қойып, пікір алмасты. Сонымен қатар, нәтижелі ұйымдастырылған 30 жылдық этникалық көші-қон үрдісі сараланып, атқарылған ауқымды жұмыстар талқыланды.

Тәуелсіздіктің және Ұлы көштің 30 жылдығы аясында ардагерлер «Отандастар қоры» бас қосты