Назарларыңызға «Отандастар қоры» қолға алған 30 бастамасын ұсынамыз.
Шетелдегі отандастарды қолдау департаменті:
1. Шет елдердегі серіктестермен 6 «Abaı Úıi» мәдени-іскерлік үйі ашылды және тұрақты жұмыс істеуде. Олар: «Омбы қазақтары» (Омбы) «Өзбекстандағы қазақ мәдени-іскерлік орталығы» (Ташкент), «Қазақ-түрік білім беру қоғамы» (Ыстамбұл), «Германия-Қазақстан қоғамы» (Берлин), «Достық» қазақ мәдени қоғамы (Киев), Қырғызстан қазақтары қауымдастығы (Бішкек).
2. Әлемнің 26 елінен қазақ мәдени орталықтарымен ынтымақтастық туралы 71 Меморандумға қол қойылды. Мақсаты - шетелде тұратын отандастармен байланысты одан әрі нығайту, сонымен қатар қазақ ұлттық-мәдени орталықтарымен және қазақ диаспораларымен жұмысты ұйымдастыру.
3. Әлемнің 33 елінен 12 000-нан астам отандастардың қатысуымен 52 іс-шара, 17 конференция және 18 кездесу өткізілді. Мәдени-гуманитарлық іс-шаралар шетелдегі қазақтардың ұлттық кодын, жалпыұлттық бірегейлікті және қазақ халқының рухани құндылықтарын сақтап қалуға бағытталған.
4. Әлемнің 17 еліндегі этникалық қазақтар мен отандастардың қатысуымен 5 халықаралық шығармашылық байқаулар өткізілді. Оған 400-ге жуық адам қатысты.
5. «Қазақ әлемі – Мир казахов» шет елдерде көш басынан көрініп жүрген танымал қазақтар жайында жазылған 2 томдық кітап дайындалып, 1000 дана таралыммен жарыққа шықты.
6. Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында «Отандастар кітапханасы» оқу залы ашылды және 3000 данадан астам кітап шетелдегі отандастарға таратылды.
7. Әлемнің 27 еліндегі отандастардың қатысуымен және 10 000-нан астам адамды қамтитын 8 онлайн-жоба іске асырылды. Мақсаты - ұлттық салт-дәстүрді сақтауға, қазақ мәдениетін шетелде танымал етуге бағытталған жобалар, оның ішінде қазақтың дәстүрлі өнерінің бірегей түрін дамыту.