«Отандастар қоры» КЕАҚ Вице-Президенті Мағауия Сарбасов Қостанайда өткен республикалық лекторийге қатысты

15 Қараша, 2021

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастыруымен Қостанай облысында «Шоғырландыру - одан әрі прогрестің басты факторы» атты республикалық лекторий өткізілді.

Жиынның басты мақсаты барша қазақстандықтардың ортақ мәдени коды, ортақ құндылықтары мен жалпыұлттық тарихи санасы негізінде халық бірлігін нығайту. Берекесі мен бірлігі жарасқан ұлттар ынтымағын күшейтуге арналды.  

Іс-шара аясында пленарлық отырыс өткізіліп оған облыс әкімінің орынбасары Б. Есімова, ҚХА Кеңесінің мүшелері, мемлекеттік орган және ұйымдардың, өңірлік этномәдени бірлестіктердің сондай-ақ, сарапшылар қауымдастығы мен БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесуде ҚХА және оның қоғамдық құрылымдарының өңір өміріндегі рөлі, қандастардың бейімделуі, шетелде тұратын отандастармен мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамыту жөнінде мәселелер қозғалды. «Отандастар қоры» КЕАҚ Вице-Президенті Мағауия Сарбасов қандастарға қолдау көрсету бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.
 
«Елбасы бастамасымен жүзеге асырылған қазақ көшінің кереуені тоқтаған жоқ. 1 млн. астам бауырымыз атажұртқа табан тіреді. Алыстағы қандастарды қолдау үшін 2020 жылы шетелдердегі қазақ мәдени орталықтары базасында 5 Abai Uii онлайн форматта ашылып, жұмыс істеп жатыр, бұлар – Ресей Федерациясының Омбы, Түркияның Стамбұл, Өзбекстанның Ташкент, Германияның Берлин және Украинаның Киев және 2021 жылы Қырғызстанның Бішкек қалаларында ашылды. Жыл сайын қандас талапкер үшін білім гранттары дайындалып, білімді жастар елге оралуда. Азаматтардың ана тілімізді ұмытпауы үшін 12 мемлекетте 31 онлайн қазақ тілінін оқытатын сыныптарда дәріс беріледі», - дейді Мағауия Қанапияұлы.

«Отандастар қоры» КЕАҚ Вице-Президенті Мағауия Сарбасов Қостанайда өткен республикалық лекторийге қатысты