Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Иран астанасы Теһран қаласының Zarna галереясында «Атажұртым – Қазақстан» атты көрме өткізілуде.
Келушілер ұлттық киім, қолөнер бұйымдары, түскиіз бен кілемше, картиналар мен кітаптарды тамашалай алады.
Іс-шараға Иран медиа өкілдері, өнерпаздары мен Ирандағы Қазақстан елшілігінің кеңесшісі Дүйсебай Дәуірбек қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
6 күнге жоспарланған көрмені Иран Телерадио бірлестігі әлемдік қызмет торабына қарасты Қазақ радиосының аудармашысы Гаухар Жұмағазықызы Омарханова ұйымдастырған.