Назарларыңызға «Отандастар қоры» қолға алған 30 бастамасын ұсынамыз. Ақпараттық-талдау департаменті

12 Қараша, 2021


Назарларыңызға «Отандастар қоры» қолға алған 30 бастамасын ұсынамыз. Ақпараттық-талдау департаменті:

1. 2019 жылы шетелдегі отандастар мен қандастарды қолдау саласында қоғамдық мүдделерді білдіру және ұсыну үшін «Отандастар қоры» КеАҚ жанынан Қоғамдық комиссия құрылды. Бүгінгі күні 7 отырыс өткізілді, барлық ұсыныстар тиісті мемлекеттік органдарға жіберілді.

2. Шетелдегі қазақтарды қолдау және ерікті қоныс аударудың 2021-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы Тұжырымдамасының жобасы әзірленді.

3. Шетелдегі отандастарды мемлекеттік қолдаудың Заң және оның Тұжырымдамасының жобалары әзірленді

4. Шетелдегі отандастармен өзара іс-қимыл және репатриация мәселелері бойынша бірқатар талдамалық зерттеулер жүргізілді; шетелдегі отандастармен өзара іс-қимылдың халықаралық тәжірибесі зерделенді.

5. Отандастарды қолдау және репатриациялау саласында 200-ден астам халықаралық және отандық нормативтік құқықтық құжаттар зерделенді. 2019-2020 жылдары 400-ден астам ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленді және мемлекеттік органдарға жолданды.

6. Шетелдегі қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарының ассоциациясы құрылды. «Отандастар қоры» КеАҚ зерттеуі бойынша шетелде 88 бұқаралық ақпарат құралы мен қандастарымыз қолданатын әлеуметтік желі парақшалары анықталды.

Назарларыңызға «Отандастар қоры» қолға алған 30 бастамасын ұсынамыз. Ақпараттық-талдау департаменті