Павлодардағы «Достық үйінде» «Отандастар» қорының қолдауымен «ҚР ЖОО «Foundation» дайындық бөлімдеріне шет елдерден оқуға келген қазақ жастары» атты кездесу өтті.

20 Қараша, 2019

Павлодардағы «Достық үйінде» «Отандастар» қорының қолдауымен  «ҚР ЖОО «Foundation» дайындық бөлімдеріне шет елдерден оқуға келген қазақ жастары» атты  кездесу өтті.  Жиынды «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» РҚБ Павлодар облыстық филиалы, Қордың облыстағы фронт офис ұйымдастырды. 
  Кездесуге 200-ге жуық адам қатысты.


Қатысушыларға «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» РҚБ, «Отандастар қоры» КЕАҚ қызметі жан жақты таныстырылды және «Алыстағы ағайын» сериясымен түсірілген «Ұлы көш» туралы деректі фильм, студенттерге қатысты слайдтар көрсетілді.


Кездесуде ЖОО –дан қатысқан оқытушылар оқу орындары туралы толық ақпарат беріп, студенттер құзыретті мекеме өкілдеріне мәселелерін айтып, жауабын алды.     
Павлодар облысындағы дайындық курстарында Түркменстан, Қытай, Өзбекстан, Моңғолиядан келген 178 жас қандас оқиды.
          Шет елден оқуға келген қандастармен кездесу биыл алтыншы жыл қатарынан өткізіліп отыр.

Павлодардағы «Достық үйінде» «Отандастар» қорының қолдауымен «ҚР ЖОО «Foundation» дайындық бөлімдеріне шет елдерден оқуға келген қазақ жастары» атты кездесу өтті.