«Abai Uii» МІҮ жобасы бойынша ынтымақтастық аясында 2021 жылғы 4 қарашада «Отандастар қоры» КЕАҚ қолдауымен «Омбы қазақтары» ОАҚҰ V мерейтойлық дәстүрлер, талант және сұлулық «Ару қыз 2021» байқауын өткізді.
Заманауи қазақ қоғамының даму әлеуеті көбінесе ата-бабамыздың мәдениеті мен дәстүрлеріне деген шынайы құрметтен негізделген. «Ару қыз» дәстүр, талант және сұлулық байқауы бірінші кезекте Ресей Федерациясында тұратын отандастар арасында шығармашылық әлеуетті іске асыруға және қазақ тілін дамытуға, сонымен қатар ұлттық мәдениет пен өнерді насихаттауға бағытталған.
Байқаудың басты мақсаты - белсенді жастардың назарын туған мәдениетіне аудару, оларды үйреніп біліп ынтасын ояту. Байқау сұлулық пен әдемілікке ғана назар аудару емес, қазақ халқының салт – дәстүріне ену жолын көрсетуде.
Байқау 2 ай мерзімінде өтті, оның барысында қатысушылар қызықты шеберлік сыныптарға қатысты. Олар ұлттық тағамдарды дайындау, қазақ өрнектерімен жұмыс істеуді және қоржын-қалта тігуді, шежіре құрастыруды үйренді, ұлттық салт-дәстүрлермен тереңірек танысты және де ана тілін меңгерді. Қазақ халқының тарихын зерттеумен бірге дәстүрлері мен өнерін білу этно-менталитет пен ұлттық сана-сезімнің негізін құрайды, бұл ұлттық рухты арттырады, Қазақстанға деген патриотизм мен қызығушылық сезімін қалыптастырады.
V мерейтойлық салт-дәстүр, талант және сұлулық «Ару қыз» байқауы қатысушылар мен ұйымдастырушылар үшін өсу нүктесі болды. Омбы қаласында қазақ диаспорасының күшімен бауырлас халықтарымыздың арасында дәстүрлі тарихи достықты нығайтуға бағытталған көптеген іс-шаралар өткізілуде.