2021 жылы 15 қазан сағат 15:00-де «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жанындағы Қоғамдық комиссияның кезекті отырысы өтетінін хабарлаймыз.
Іс-шараға ҚР Парламенті Сенатының депутаты, комиссия төрағасы Мұрат Бақтиярұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қаржаубай Сартқожа, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп, ҚР Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса, мемлекеттік органдардың өкілдері және т.б. қатысады.
Аталған іс-шара күн тәртібінде «Қандастардың ҰБТ тапсыру механизмін оңтайландыру немесе ҰБТ-дан басқа да альтернативті жолдарды ұсыну», «Қазақстандағы репатрианттардың қос азаматтығы мәселесі туралы», «Шетелдегі қазақ мәдени орталықтарын қолдау мәселелері: әлемдік озық үлгі және қазақстандық тәжірибе», «Солтүстік Қазақстан облысында қандастарды орналастырудың өзекті мәселелері», «Азаматтық алған қандастардың шет елдегі еңбек өтілдерін есепке алу» (зейнетақы мәселесі), шеттен келген қандастарымыздың тіркеу және т.б. мәселелер көтеріледі деп жоспарлануда.
Қоғамдық комиссия отырысының қорытындысы бойынша қабылданған шешімдер құзырлы мемлекеттік органдарға жолданады.