Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мемлекеттік тапсырмасы аясында «Отандастар қоры» КЕАҚ 2021 жылғы 7 қазанда Бішкек қаласында (Қырғыз Республикасы) этникалық қазақтармен және отандастармен кездесу өткізеді.
Іс - шараның басты мақсаты - диаспора өкілдерін Қоғам жұмысымен таныстыру, осы аймақта тұратын қазақ диаспорасы өкілдерімен тығыз байланыс орнату, сондай-ақ өз қызметінде табысқа жеткен шет елдерде тұратын этникалық қазақтарды кеңінен таныстыру.
Сонымен қатар, шетелде тұратын отандастармен байланысты одан әрі нығайту.
Кездесу барысында әлеуметтік-экономикалық, мәдени-гуманитарлық мәселелер, мәдени-рухани сала негізінде шетелдегі қазақтарды қолдаудың негізгі бағыттары талқыланады, сондай-ақ Қазақстандағы қандастарға қолдау шаралары туралы ақпараттар ұсынылатын болады.