Байланыс орталығының қызметкерлеріне оқу-семинар өткізілді

25 Қыркүйек, 2021

«Отандастар қоры» КеАҚ мен «Қазақтелеком» АҚ арасында жасалған ынтымақтастық меморандумы аясында шетелдегі этникалық қазақтарға және елімізге көшіп келген қандастарға ақпараттық-консультациялық қызметтерді жүзеге асыру үшін 1404 нөмірлі Байланыс орталығы өз қызметін жалғастыруда. Екі тарап арасында серіктестік қалыптасып, меморандум шеңберінде аталмыш жоба жүзеге асып келеді.

«Қазақтелеком» АҚ серіктес ретінде Байланыс орталығының операторларын ұсыну, техникалық қолдау көрсету, жаңа технологияларды қолдануды қамтамасыз етумен қатар, қазақстандық ұялы операторлар номерлерінен ақысыз қоңырау шалуға мүмкіндік берді.

Осы ретте, 2021 жылғы 24 қыркүйекте «Отандастар қоры» КеАҚ жанындағы Байланыс орталығының (call-center) операторларына арналған оқу-семинары өтті.  

Семинар барысында қандастарымызға мемлекеттік қызметтерді ұсыну, «қандас мәртебесін» және ҚР азаматтығын алу, әлеуметтік төлемдер мен жеңілдіктер, бала-бақша, мектеп, жоғары оқу орындарына түсу туралы, қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу мәселелері және тағы да басқа туындаған сұрақтарына сапалы ақпарат беру мақсатында заңнамадағы жаңадан енгізілген өзгерістер туралы түсініктеме берілді.

Айта кетейік, Байланыс орталығы қызметі 1404 (ұялы қоңыраулар үшін), 8-800-080-1404 (Қазақстан бойынша қоңыраулар үшін), +7 (7172) 981404 (Қазақстан және шетелден шалынатын қоңыраулар үшін) нөмірлері бойынша қолжетімді. Сондай-ақ, 87010001404 (WhatsApp және Telegram мессенджерлері арқылы хабарламалар) арқылы қандастарымыз хабарласып, туындаған сұрақтарына жауап алуға мүмкіндігі бар.

Байланыс орталығының қызметкерлеріне оқу-семинар өткізілді