«Отандастар Қоры» КЕАҚ Вице-президенті Мағауия Сарбасов пен «Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар» басқарма басшысының орынбасары Абдулхади Турус кездесті

24 Қыркүйек, 2021

«Отандастар Қоры» КЕАҚ Вице-президенті Мағауия Сарбасов Түркияға іс-сапар барысында «Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар» басқарма басшысының орынбасары Абдулхади Туруспен Анкара қаласында кездесті

«Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтары» Түркиядан тыс бірнеше ондаған мемлекеттерде тұратын түрік диаспорасы мәселелерімен айналысатын, 450-ге тарта қызметкерлерден құралған ірі және танымал ұйым. Бұл ұйымның басты мақсаты шеттегі түрік диаспорасының Түркиямен ықпалдастығын арттыру, инвестициялық жобаларға, іскерлік қызметтерге тарту сондай-ақ, Түрік мемлекетін дүниежүзіне таныту болып табылады.
 
Кездесуде М. Сарбасов сыртта жүрген бауырларымыздың қолдау мәселесі бізге өте маңызды екенін айта отырып, Қоғамның стратегиялық жобалары туралы ойын айтты.

Сонымен қатар, шетелдегі өз бауырларын қолдаумен айналысатын қос мекеме іс-тәжірибелерімен, алдағы жұмыс жоспарларымен бөлісті. Шетелдегі қандастарды қолдау ұлттық құндылықтарды халықаралық деңгейде дәріптеуде, елдің мүдделерін халықаралық аренада ілгерілетуде және мемлекеттерді жақындастыруда алтын көпір екені айтылды.

Бұған дейін 2019 жылы «Отандастар Қорының» делегациясы Шет елдердегі түріктер істері жөніндегі басқармасының (YТВ) Президенті Абдулла Эрен мырзамен кездесіп Ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойған болатын. Аталмыш меморандумда келісілген шараларды жүзеге асыру мақсатында, осындай тәжірибесі мол ұйыммен алдағы уақытта «Отандастар Қоры» бірлесе жұмыс жасауға уағдаласты.

Сөз соңында Мағауия Қанапияұлы өз ризашылығын білдіріп, тең әріптестік таныта отыра ҮТВ ұйымын Қазақстанға шақырды.

«Отандастар Қоры» КЕАҚ Вице-президенті Мағауия Сарбасов пен «Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар» басқарма басшысының орынбасары Абдулхади Турус кездесті