Бүгін, 2021 жылғы 19 қыркүйекте, Ташкентте Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Өзбекстандағы қазақ мәдени орталықтарының өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жақында болған Қазақстан халқына Жолдауында көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасын әзірлеуге бастама бергенін, сондай-ақ, жалпы тарихи Отанына келетін қандастардың бейімделуіне жәрдемдесуге қабілетті сұрақтар өзектендірілгенін айтты.
Бұдан басқа, Аида Балаева осыдан бұрын қандастарға Қазақстан азаматтығын алу бойынша тиісті құжаттарды беру, қандастар қатарындағы жастар үшін Қазақстанның жоғары оқу орындарында берілетін квоталар туралы мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімі мен мерзімдері айтарлықтай жеңілдетілгенін атап өтті.
Сонымен қатар, Аида Балаева қазақ халқының мәдениеті мен тілін сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Еске сала кетейік, Өзбекстанда әлемдегі ірі қазақ қауымдастықтарының бірі тұрып жатыр және өткен жылы Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму, Сыртқы істер министрліктерінің қолдауымен осы елдің астанасы Ташкентте "Abai Uii" мәдени-іскерлік үйі ашылды.
Министрмен кездесуге Өзбекстан қазақ жұртшылығының көрнекті өкілдері, оның ішінде республикалық Қазақ ұлттық мәдени орталығының төрағасы С.Үсенов, академик, профессор Қ.Сейданов және басқалар қатысты.