«Отандастар қоры» КЕАҚ 2021 жылдың 11 тамызында мемлекеттік қолдау шаралары мен көрсетілетін қызметтер бойынша қандастарға ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстарды жүргізу мақсатында мемлекеттік орган өкілдерімен қандастардың онлайн-кездесуі өтеді.
Іс-шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ҚР Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызмет комитеті және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінен жауапты мамандар қатысады.
Осыған орай, барша қандастарымызды аталған онлайн кездесуге белсенді қатысуға шақырамыз.
Іс-шараға қатысуға алдын ала жазылу үшін 1404 Call орталығына немесе +7701 0001404 (Whatsapp) хабарласыңыздар.