ҚР Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы мен “Отандастар Қоры” КеАҚ 2021 жылдың 18-27 тамыз аралығында онлайн режімде 12 сағаттық «Қазақ тілін үйрету: отандық және шетелдік тәжірибе» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын өткізеді.
Курстың мақсаты – шетелдердегі қазақ мәдени орталықтарына ғылыми-әдістемелік қолдау көрсету. Сонымен қатар Қазақстан аумағынан тыс жерде тұрып, қазақ тілін үйреніп және үйретіп жүрген қандастарымызға бағыт көрсетіп, қазақ тілін ана тілі және екінші шет тілі ретінде оңтайлы үйретудің тәжірбиесімен бөлісу, қашықтан оқытудың әдістемесін жетілдіру.
Курс спикерлері - отандық үздік қазақ тілін үйрететін оқытушылар мен әдіскерлер. Қазақ тілінің мамандары А1, А2, В1, В2, С1 деңгейлері бойынша ана тілі, екінші шет тілі ретінде оқытудың әдістемелік жолдарын көрсетіп, www.abai.institute порталындағы «Қазақша үйрену» арнайы бөлімі бойынша тіл үйрену жолдарымен танысады.
Тәжірибе алмасуға бағытталған шараның соңында оқытушылар мен тіл мамандарына «Тіл-Қазына» ұлттық орталығының біліктілік арттыру сертификаттары табысталады.
Курсқа тіркелу үшін:
+7 776 116 7291 - Айна Алпысбай (Whats App / Telegram)