«Отандастар» Қорының қызметкерлері  6 қарашада "Мөлдір" қазақ мәдениетінің Сібір орталығы ұйымдастыруымен және Ресейдегі қазақ ұлттық-мәдени қозғалысының 30 жылдығына арналған «Еуразиялық кеңістіктегі қазақтар: тарих, мәдениет және әлеуметтік-мәдени үд

08 Қараша, 2019

   «Отандастар» Қорының қызметкерлері  6 қарашада "Мөлдір" қазақ мәдениетінің Сібір орталығы ұйымдастыруымен және Ресейдегі қазақ ұлттық-мәдени қозғалысының 30 жылдығына арналған «Еуразиялық кеңістіктегі қазақтар: тарих, мәдениет және әлеуметтік-мәдени үдерістер» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Конференцияға Омбы, Алтай өлкелері, Томск, Түмен облыстары мен Ресейдің басқа да өңірлерінен өкілдер қатысты. Конференцияға қатысушылармен пікір алмасу барысында Қор өкілдері ұйымның мақсаттары мен міндеттері, Ресейдің қазақ қоғамдық ұйымдарымен ынтымақтастық тәжірибесі туралы әңгімеледі. "Мөлдір" Сібір қазақ мәдениеті орталығының басшысы Алтынай Хайроллақызы Жүнісова қоғамдық ұйымның қормен ынтымақтастығына арналған стендте орналасқан «Отандастар қоры» КЕАҚ  ынтымақтастық туралы меморандумды ерекше мақтанышпен көрсетті.