Шешендік өнердің жалғасы - пікірсайыс


“Jas Qazaq” жастар ұйымы 20-24 шілде күндері онлайн форматта “Дебат негіздері” сабақтарын өткізеді. Онлайн сабақтарды ұйымдастыруға Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы (@ns_jastary) қолдау білдіріп отыр.

Қандас жастар арналған пікірсайыс сабақтарының мақсаты - шетелдегі этникалық қазақ жастарына өз ойларын қазақ тілінде толық жеткізіп, аргумент келтіре отырып, логикалық дәлелдеу техникаларын үйрету.

Қатысушылар дебат сабақтарында сыни ойлау, аудитория алдында сөйлеу, ойыңызды дәлелдеу, секунд сайын келетін жаңа ойлар арасында логикалық байланыс орнату тәсілдерін үйренесіз.

Қатысушылар дебат негіздерімен 4 күн ішінде танысып, соңғы күні пікірсайыс турнирінде бақ сынайды. Турнир қатысушыларына арнайы сертификаттар табысталып, жеңімпаз атанған 2 қатысушыға Киелі Қазақстан жобасына тегін жолдама беріледі.

Осылайша, құрметті пікір, салмақты ойға ие болам деген жастар @jasqazaq.club алаңында бас қосты.

22 Шілде 2021

Кері байланыс

Записаться