Қазақстан Республикасында оқуға ниет білдірген қандас талапкерлер назарына!


Қандас талапкерлердің жоғарғы оқу орнына құжат тапсыруы ақылы түрде жүргізіліп жатқаны туралы ақпараттар келіп түсуде.

Осы мәселені ескере отыра, "Отандастар Қоры" келесідей ресімей мәлімдеме жасайды:
Қазақстандық азаматтығы жоқ ұлты қазақ тұлғалар үшін мемлекеттік гранттың 4 %  квотасы беріледі.

Сонымен қатар, аталған мемлекеттік грантты иелену үшін тапсырылатын құжаттар және Дайындық бөлімдеріне құжаттар тапсыру процесі ТЕГІН жүзеге асырылады.

Қосымша сұрақтар болса +7 701 000 1404 нөмеріне  немесе «Отандастар Қоры» КеАҚ-ның әлеуметтік желідегі парақшаларына жазып біле аласыздар!

26 Шілде 2021

Кері байланыс

Записаться