«Отандастар қоры» КеАҚ вице-президенті Мағауия Қанапияұлы Сарбасов пен ҚР ЕХӘҚМ-нің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Ерболат Махамбетұлы Абулхатин Иран қазақтары атынан келген Хадиша Адайды қабылдады.
Хадиша ханым 200-ден астам этникалық қазақтың Қазақстан Республикасына көшуге ынталы екенін жеткізді.
Қандасымызға көші-қон мәселесі мен мемлекеттік бағдарламалар, солтүстік өңірлерге қоныстандыру туралы толық ақпарат берілді.
Алдағы уақытта ол алыстағы ағайынның өтініші бойынша солтүстік өңірлерге де барып, көшіп келушілерге берілетін үй, жер және әлеуметтік мәселелер шеңберінде қарастырылған жобалармен танысатын болады.