2021 жылы 16 шілде Нұр-Сұлтан қаласында «Отандастар қорымен» тығыз байланыс жасап, мәдени-гуманитарлық жобалар бойынша бірлескен ынтымақтастық орнату мақсатында Германияның Мюнхен қаласынан келген «Kultur und sportverein Qazan» қазақ мәдени орталығының жетекшілерімен кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараға «Отандастар қоры» КЕАҚ-ның вице-президенті Мағауия Сарбасов, Шетелдегі отандастарды қолдау департаментінің бас менеджері Серік Абдуалиев, Шетелдегі отандастарды қолдау департаментінің консультанты Гүлсім Тәжібекова және «Kultur und sportverein Qazan» қазақ мәдени орталығының төрағасы Валерий Оствальд пен мәдени орталық төрағасының орынбасары Денис Козырев қатысты. Кездесу барысында Германиядағы қазақ қауымдастығымен мәдени-гуманитарлық жобаларды бірлесе іске асыру бойынша өзара ынтымақтастық орнату туралы мәселелер талқыланды. Келелі кеңес құрған мүдделес тараптар елдегі эпидахуал оңалып, шекаралық шектеу алынса, алдағы уақытта ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Германиядағы этникалық қазақтар қалың шоғырланған өңірдің бірінде отандастарымыздың басын қосатын және мемлекетіміздің мерейін асыратын мерекелік мәдени іс-шаралар ұйымдастыруға уағдаласты.