Қайнар академиясы «Білім – кітапта» атты кітап көрмесін өткізіп, Ұлттық кітапханаға 1000 кітап тарту етті. Ғылым ордасының 30 жылдығына орай шығарылған академия ғалымдарының еңбегі оқырман қауымға таныстырылды.
Айтулы іс-шара аясында Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының вице-президенті (ҚазҰЖҒА), ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымының докторы, профессор Кәрімбек Құрманәлиев академия ғалымдары ҚазҰЖҒА академиясының белсенді мүшелері екенін атап өтті. Қос академия мамандары бірлесіп атқарған ғылыми жұмыстар, зерттеулер мен монографиялық еңбектер отандық ғылымды дамытуға қосқан үлес деп жоғары бағалады. Экономика, заң, тіл білімі, педагогика, психология, шет тілдері, журналистика информатика және басқа салаларға арналған оқулық, оқу-әдістемелік құралдары мен электрондық оқу басылымдарының жас талапкерлерге берері мол. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының дамуына өз үлесін қосып, шәкірт тәрбиелеп, қоғамға білікті де білімді маман даярлап, халықтың ыстық ықыласына бөлендіңіздер. «Отандастар қорының» бастамаларына оң пікір білдіріп, атажұртта білім алғысы келетін қандас студенттерге білім грантын беруге қолдау көрсеткен бірден-бір жоғарғы оқу орны екенін айырықша атап өтуге болады. Осы орайда, Академия президент-ректоры, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, профессор Еренғайып Омаров мырза басқарған ұжымның қызметіне табыс, тың жобаларына сәттілік тілейміз!