I. Шетелдегі отандастарды қолдау
Қазақ мәдени орталықтарымен, қазақ қауымдарымен, ҚР шет елдердегі мекемелерімен мәдени-гуманитарлық және іскерлік байланыстарды дамыту және кеңейту мақсатында ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында әлемнің 13 елінен отандастарымыздың қатысуымен 19 онлайн (9 кездесу, 3 конференция, 7 іс-шара), 6 оффлайн (2 кездесу, 4 іс-шара) және 3 онлайн-жоба өткізілді.
2021 жылы «Abai Uii» Мәдени іскерлік үйлерінің бірыңғай желісін құру» (бұдан әрі – МІҮ) жобасы шеңберінде 3 МІҮ ашу жоспарланған: Моңғолияда (Баян-Өлгей қ.), Ресей Федерациясында (Астрахань қ.) және Қырғызстанда (Бішкек қ.).
Онлайн-форматта өзара ынтымақтастық туралы Меморандумдарға қол қойылды:
1. Мюнхен қаласындағы (Германия) Қазақстан-Неміс достығы қоғамдастығымен) KULTUR UND SPORTVEREIN QAZAN E.V.;
2. Жапониядағы қазақтар қауымдығы.
Қоғам жаңа онлайн-жобаларды әзірледі және іске асыруда:
Обществом разработаны и реализуются новые онлайн-проекты:
1. «Қандасын келген қазына» жобасы аясында 18 қандастармен 17 сұхбат жазылды.
2. «Қазақ ұлтының рухани байлығы» жобасы аясында қазақтың салт-дәстүрлері саласындағы сарапшылармен 5 кездесу ұйымдастырылды.
Анықтама үшін:
Ағымдағы жылы 7 наурыздан бастап отандастарымыздың өтініші бойынша отандастарды Ұлттық аспаптарда (домбыра, қобыз және т.б.) ойнауға оқыту бойынша «Ұлттық саз аспаптары» онлайн-жобасын іске асыру жалғастырылды. 26 сабақ өткізілді, оған әлемнің 13 елінен (Ресей, Иран, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Моңғолия, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Жапония, Финляндия, Норвегия, Германия, Литва) 45 этникалық қазақтар, сондай-ақ Қазақстанға қоныс аударған қандастар қатысты.
Оның ішінде білім беру, қазақ тілін оқыту және жастармен жұмыс
бағыттары бойынша
1. «Шетелде тұратын және Қазақстанда оқитын этникалық қазақтар үшін Қазақстанның киелі жерлеріне экскурсиялар өткізу» жобасы бойынша іс-шараны ұйымдастыру және өткізу мақсатында Алматы облысы және Алматы қаласы АҚДМ-мен келісілді (өткізу кезеңі-ағымдағы жылдың тамыз - қыркүйек айлары).
2. «Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алып жатқан шетелдегі қазақ қауымдарының өкілдері арасынан шетелдік студенттермен кездесулер ұйымдастыру» жобасы аясында дайындық бөлімдерінің басшыларымен және студенттері кездесу ұйымдастырылды:
а.ж. 10 наурызда ‒ Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде. Кездесуге 126 студент қатысты;
а.ж. 1 сәуірде ‒ Халықаралық қазақ-түрік университетінде. Қожа Ахмет Яссауи, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті. Кездесуге 81 студент қатысты;
а.ж. 5 сәуірде ‒ Қазақ ұлттық университетінде. Әл-Фараби Атындағы Қазұу. Кездесуге 171 студент қатысты;
а.ж. 7 сәуірде ‒ С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде. Кездесуге 55 студент қатысты;
а.ж. 7 сәуірде ‒ Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде. Кездесуге 50 студент қатысты.
3. Шетелде «Онлайн-сыныптардың» жұмысын ұйымдастыру» жобасы шеңберінде:
«Шетелде онлайн-сыныптардың жұмысын ұйымдастыру» қызметін орындау үшін Ұйымдастыру комитеті құрылды;
онлайн сабақтарды ұйымдастыру бойынша қызметтерді жеткізуші анықталды ‒ «Bilim Innovations Group» ЖШС, екіжақты келісімшарт жасалды;
2021 жылдың ақпан айында 66 онлайн сабақ өткізілді. Оның ішінде 12 сабақ ағылшын топтарына, 24 – орыс топтарына, 18 – түрік топтарына және 12 – парсы топтарына ұйымдастырылды;
2021 жылдың наурыз айында 88 онлайн сабақ өткізілді. Оның ішінде 16 сабақ ағылшын топтарына, 32 – орыс топтарына, 24 – түрік топтарына және 16 – парсы топтарына ұйымдастырылды;
2021 жылдың сәуір айында 90 онлайн сабақ өткізілді. Оның ішінде 16 сабақ ағылшын топтарына, 32 – орыс топтарына, 24 – түрік топтарына және 18 – парсы топтарына ұйымдастырылды;
2021 жылдың мамыр айында 106 онлайн сабақ өткізілді. Оның ішінде 20 сабақ ағылшын топтарына, 40 – орыс топтарына, 30 – түрік топтарына және 16 – парсы топтарына ұйымдастырылды;
2021 жылдың маусым айында 90 онлайн сабақ өткізілді. Оның ішінде 16 сабақ ағылшын топтарына, 32 – орыс топтарына, 24 – түрік топтарына және 18 – парсы топтарына ұйымдастырылды.
Қоғам қазақ тілі курсынан басқа тілге қатысты бірқатар жобаларды бастады:
25 ақпанда қазақ тілінде сөйлейтін басқа ұлт өкілдерімен тікелей эфирде «Тіл – достық көпірі» жобасының алғашқы шығарылымы өтті. Жалпы есепті кезеңде 10 Тікелей эфир өткізілді.
27 ақпанда Иран мен Түркияда, Түркия мен Ресейде, Иран мен Ресейде, Ресей мен Өзбекстанда, Моңғолия мен Жапонияда, Түркия мен Жапонияда тұратын отандастар арасында «Береке бас – бірлік» жобасы бойынша кездесу өтті.
22 маусымда «Қазақ поэзиясы» атты жобаның алғашқы шығарылымы түсірілді. Жоба мақсаты – қазақ поэзиясының басқа тілдерге аударылған нұсқаларын дәріптеу арқылы қазақ тілін насихаттау.
4. «Шетелдегі қазақ қауымдары өкілдерінің тұрғылықты елдің тілдік ерекшеліктерін ескере отырып, көркем және оқу әдебиеттеріне қажеттілігін айқындау» жобасы шеңберінде «Қазақ класы» жобасы бойынша қазақ тілінің онлайн курсына қатысатын отандастар арасында сауалнама жүргізіледі. Сауалнамаға Туркиядан 22 адам, Ираннан 10 адам, Франциядан 10 адам, Ресейден 30 адам қатысты.
Анықтама үшін:
«Шетелде тұратын қазақ қауымдарының өкілдері қатарындағы оқушылар арасындағы онлайн-форматтағы шығармашылық байқау» жобасы аясында іс-шараны 2021 жылдың екінші жартыжылдығында ұйымдастыру жоспарлануда.
II. Елге оралған қандастарды қолдау
1. 2021 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында шетелдегі және Қазақстан Республикасына келген этникалық қазақтарды қолдауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер аясында Қандастарды ақпараттық қолдау орталығына 2375 өтініш түсті. Оның ішінде:
Фронт-кеңсе – 1227 өтініш;
Байланыс орталығы – 440 қоңырау;
Бэк-кеңсе – 177 өтініш;
Мессенджерлер, әлеуметтік желілер және komek@oq.gov.kz эл.поштасы – 531 хабарлама келіп түсті.
Ағымдағы жылы Қоғам бюджетінің қысқаруына байланысты ҚР-ға қоныс аударған этникалық қазақтарға ақпараттық қолдау көрсету мақсатында 9 өңірде (Ақмола, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстары және Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары) фронт кеңселер құрылды.
Шілде айынан бастап қосымша 5 өңірде (Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстары) фронт-кеңселер ашылды.
Қандастар мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен ынтымақтастықты орнату және нығайту мақсатында Қоғам орталық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдар қатысқан 28 онлайн және офлайн іс-шараларға (кездесулер, конференциялар, семинарлар) өткізді/қатысты.
Бұдан басқа, қандастарды қолдау департаменті қоғамға жүктелген міндеттерді іске асыру және этникалық қазақтарды қолдау бағытындағы өзара іс-қимыл мақсатында қаңтар-маусым айларында уәкілетті мемлекеттік органдарға 82 хат жолдады.
2. Ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында:
«Қандастар ақпараттық қолдау орталығы» туралы флаерлер, билбордтар дайындалып, ЖАО, СІМ және ҚР ІІМ КҚК веб-порталдарда және барлық орындар үшін қолжетімді жерлерде орналастыру үшін жіберілді;
еліміздің 14 өңірінде қоғамдық орындарда және қандастар жиі баратын орындарда 100-ге жуық билбордтар орналастырылды (Шымкент қаласында және Ақмола, Алматы, Түркістан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Қызылорда, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында);
еl.kz ақпараттық порталында көші-қон процесіндегі 5 Мемлекеттік қызмет бойынша түсіндірме инфографикасы қазақ және орыс тілдерінде жарияланды;
жиі қойылатын сұрақтар мен жауаптар анықтамалығында нормативтік-құқықтық құжаттар мен мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпарат жаңартылған;
Қоғам тарапынан шетелдегі этникалық қазақтармен және елге көшіп келген қандастармен жұмыс жасау жөнінде әдістемелік нұсқаулық 2 тілде әзірленіп, мемлекеттік органдарға жолданды.
ЖСН алғаннан бастап ҚР азаматтығын алғанға дейін мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндіретін 4 бейнероликтен тұратын топтама түсірілді және әлеуметтік желілер мен "Otandastar channel" арнасында орналастырылды (https://www.youtube.com/). (Шетелдік азаматтардың ЖСН алу, «қандас» мәртебесін ресімдеу, Қазақстан аумағында тұрақты тұруға рұқсат алу және ҚР азаматтығын бір мезгілде ресімдеу тәртібі, сондай-ақ отандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу тәртібі бойынша).
3. Қазіргі уақытта, басымдыққа ие 5 өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін шолуға және қоныс аударуға қолайлы елді мекендерді таңдауға мүмкіндік беретін «Erulik.kz» веб-платформасының жұмыс істеуі қалыпты жағдайда жүргізіліп келеді. Сонымен қатар, пайдаланушыларға веб-платформаның (erulik.kz) барлық бөлімдеріндегі ақпараттар мен қызметтері толығымен қолжетімді.
«Елді мекендерге шолу» бөлімінде ЖАО ұсынған 2815 елді мекеннің деректер базасы өңделіп, веб-порталында орналастырылды.
Erulik.kz порталын басқару, дамыту және қауіпсіздігін бақылау жұмыстары штатты режимде жүргізілуде, қазіргі уақытта веб-платформаның хостингі Қоғамға қарасты хостингке көшірілді.
Сайттың мәтіндік және визуалды мазмұны уақытылы жаңартылып отырады. Мәселен, маусым айында http://erulik.kz/faq сілтеме бойынша жұмыс істеп тұрған «Көші қонға қажетті ақпарат» (ережелер, заңнамалар, жеңілдіктер және репатриацияның басқа шарттары) бөліміндегі барлық мәліметтер жаңартылды.
III. Қазақ диаспорасымен жұмыс
1. Шетелдегі қазақ қауымын Қазақстанның қазіргі жетістіктері туралы ақпараттандыру, оның ұлттық бірегейлігін сақтау, мемлекеттік саясатты іске асыру және мәдени байланыстарды нығайту мақсатында Түркияда Кіші құрылтай өткізу бойынша дайындық іс-шаралары өткізілді. Сонымен, құрылтай Тұжырымдамасы әзірленді, оның параметрлері келесі аспектілерді қарастырады:
құрылтай тақырыбы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналады: Жаһандану өркениетіндегі Қазақ әлемі: Ғасырға бергісіз 30 жыл (Казахский мир в глобальной цивилизации: равный веку 30 лет);
құрылтайды Түркияда (Стамбул қ.) 2021 жылдың қыркүйек айында өткізу жоспарлануда (өткізу нысаны эпидемиологиялық жағдайға байланысты);
құрылтайға қатысушылардың жалпы саны 100-ге жуық, оның ішінде 50 адам Еуропа елдерінен;
құрылтайға қатысушыларға көрсету үшін интерактивті форматта «ақпараттық көрмені» құру және тақырыптық толықтыру жұмыстары жүргізілуде. 15 (он бес) миллион теңгелік бейнефильм құнының алдын ала сметасы анықталды, нарықты зерттеу, әлеуетті жеткізушілермен келіссөздер жүзеге асырылуда.
2. «Қасиетті Қазақ елі» фестивалін өткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде, атап айтқанда:
өткізу орны болып Павлодар қаласы белгіленді, өткізу күні 2021 жылғы 14-15 қазан (эпидемиологиялық жағдайға байланысты);
БАҚ тарту арқылы халықтың кең ауқымын қамти отырып, қатысушылар саны 50-70 адам;
қазіргі уақытта фестивальға қатысу үшін алдын ала сырттай іріктеу жүргізілуле. 2021 жылғы 21 қыркүйекке дейін онлайн-өтінімдерді қабылдау (тіркеу) http://oq-bilim.kz сайтында жүзеге асырылады;
барлық номинациялар бойынша өткізілген онлайн-іріктеу қорытындысы бойынша Қазақстаннан және шетелден келген жеңімпаз-қатысушылар «Қасиетті Қазақ елі» халықаралық өнер фестиваліне қатысуға шақырылады.
Аталған шаралармен қатар, 10 киіз үйдің этноауылын өрістету үшін дайындық жүргізілуде, барлық тілек білдірушілер үшін фотозона, этно-өнімді сату-ауқымды көрме үшін Шығыс базары ұйымдастырылады, онда келушілер қолөнер шеберлерінің жұмыстарымен танысады, сондай-ақ ұлттық қолөнер бойынша шеберлік сыныптарына барып, шығармашылық кездесулер өткізе алады.
IV. Ақпараттық жұмыс
Қандастар туралы ақпараттар мен жарияланымдар жинау міндеттеріне сәйкес 30-дан астам БАҚ пен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіледі
Анықтама үшін:
Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары негізінен Қытай Халық Республикасында және Иран Ислам Республикасында таралуымен шектелген.
Отандық және шетелдік БАҚ пен әлеуметтік желілерін мониторинг жасау нәтижесінде ел ішінде де, шетелде де отандастарға қатысты 356 материал анықталды, оның ішінде қазақ тілінде ‒ 229, орыс тілінде ‒ 99 және ағылшын тілінде ‒ 28.
Қоғам өткізген іс-шаралар отандық және шетелдік БАҚ беттерінде үнемі жарияланып отырады.
«Шетелдегі қазақтілді бұқаралық ақпарат құралдары қауымдастығы туралы ереже» әзірленді.
Отандастарымызға пайдалы ақпаратты дайындау және өзектендіру мақсатында Қоғамның домен бойынша oq.gov.kz ресми сайт жұмыс істейді. Есепті кезеңде сайтта қазақ және орыс тілдерінде 76 материал жарияланды.
Сондай-ақ ақпараттық жұмысты күшейту шеңберінде Қоғам және «El.kz» порталы бірлескен жұмыс жоспары бекітілді, оның аясында бірлескен жобалар дайындалды. Жоспарға сәйкес, «El.kz» порталында қазақ және орыс тілдерінде 26 материал, сондай-ақ «Көш» жобасына арналған 7 спикер бейне-сұхбат форматында ұсынылды.
Шетелдік және елге келген қазақтармен өзара іс-қимыл саласындағы өзекті мәселелер бойынша республикалық және өңірлік баспа БАҚ-та 17 мақала мен сұхбат жарияланды.
Отандастар үшін өзекті ақпаратты ұсыну мақсатында сайтта репатриациялау кезінде қолдау шаралары мен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша «Қандасқа кеңес» (Полезные советы) атты жаңа айдар ашылды. Есепті кезеңде айдарда 12 инфографика жарияланды.
Әлеуметтік желілерде қоғамның контентін одан әрі дамыту бойынша 407 пост жарияланды.
Қоғам және «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» РҚБ «Қандас келген қазына» жобасын бастады. Арнаға жобаның 14 видеосы жүктелді.
Сондай-ақ, қоғам әлеуметтік желілерде 12 тікелей эфир ұйымдастырды.
Бүгінгі таңда Қоғамның әлеуметтік желілеріне жазылушылар саны 75152 адамды құрайды. Facebook – 6461, Instagram – 63654, Youtube – 4315, Телеграм – 275, ВКонтакте – 247, Twitter – 200 жазылушы.
V. Зерттеу-талдау қызметі
Есепті кезеңде 2021 жылға арналған Репатриация және шетелдегі отандастармен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша мемлекеттік тапсырманы іске асыру мақсатында ұйымдастыру-дайындық жұмыстары жүргізілді және зерттеулер басталды.
1. «Отандастар қоры» КеАҚ жанындағы Қоғамдық комиссияның отырысы өткізілді ‒ 2021 жылғы 21 наурызда.
Анықтама үшін: Қатысқандар:
М.Бақтиярұлы ‒ ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы, комиссия төрағасы;
– Қ.Иса ‒ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ақын, журналист;
Б.Құрмансейіт ‒ ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі;
Ғ.Шойкин ‒ ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының м.а.
Ұлттық тиістілікті анықтау, шетелдік қазақ мәдени орталықтарын қолдау және қазақстандық телебағдарламаларды шетелде тарату мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, күн тәртібінен тыс Қытайда тұратын қазақтардың туыстарының Алматыдағы Қытай консулдығында пикет өткізу мәселелері қозғалды.
Қорытындысы бойынша қоғамдық комиссия отырысының хаттамасы мен стенограммасы әзірленіп, АҚДМ-ға жолданды.
Қоғамдық комиссияның жұмысы БАҚ-та да, әлеуметтік желілерде де (2 республикалық басылымда, 5 телеарналардың жаңалық бөлімінде, 23 ақпараттық агенттіктер мен әлеуметтік желілердің жаңалық бөлімдерінде) кеңінен жария етілді.
2. Депутаттық сауалдарға жауаптардың жобалары әзірленіп, АҚДМ-ға жолданды:
27.01.2021 жылғы ҚХА-нан сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарынан қандастар мәселесі бойынша депутаттық сауалға жауап беру үшін ұсыныстар (05.03.2021 ж. шығ. № 166);
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарынан 17.03.2021 жылғы депутаттық сауалға жауап беру үшін ұсыныстар (02.04.2021 ж. шығ. № 240).
3. 4 мақала жарияланды:
1) Джуманова Р.А. Қандастардың құжаттарын реттеудегі түйіткілді мәселелер (el,kz қаңтар);
2) Галиакбарова Г.Г. Шетелдегі отандастарын/диаспорасын қолдауға бағытталған Балтық елдерінің тәжірибесі қандай? (newsroom.kz, ақпан);
3) Жалиев Н.Б., Жұманова Р.А. «Қандас» мәртебесін дұрыс қолданбау қоғам тұтастығына кедергі келтіреді» (el.kz, маусым);
4) Жалиев Н.Б., Джуманова Р.А. Неправильное применение термина «қандас» как препятствие консолидации общества (el.kz, маусым).
Ескертпе: қазіргі уақытта жариялау кезеңінде тұрған 3 мақала әзірленді.
4. АҚДМ-не 12 аналитикалық анықтама және жазбалар дайындалды және жолданды:
Анықтама үшін:
1) II дәрежелі «Достық» орденінің иегері, Ботагөз Уатқанның ҚР Президенті Әкімшілігіне жолдаған өтінішіне жауап жобасы;
2) Аналитическая справка по общественно-политической ситуации среди репатриантов;
3) Аналитическая справка о численности и структуре қандастар за 2020 год;
4) О протестах у консульства КНР;
5) О пикетах у консульства КНР;
6) Касательно драки в г. Темиртау;
7) Информационно-аналитическая справка о событиях, связанных с этническими казахами, проживающими за рубежом, и қандастар, вызвавшие резонанс в СМИ и социальных сетях (за I квартал 2021 года);
8) О задержании экс-главы казахской диаспоры;
9) Стереотипное понимание статуса «қандас» как препятствие консолидации общества;
10) Общественно-политическая ситуация в межэтнической среде;
11) Аналитическая справка о месторасположении отдельных этносов в разрезе регионов Казахстана;
12) Информационно-аналитическая справка о событиях, связанных с этническими казахами, проживающими за рубежом и қандастар, вызвавшие резонанс в СМИ и социальных сетях (за ІІ квартал 2021 года).
5. «Тарихи және этникалық Отанына оралған этникалық қазақтардың демографиялық және интеграциялану мәселелерін зерттеу» іс-шарасы аясында 3 облыстың орталықтары мен аудандарында:
а.ж. 10-14 мамыр Жамбыл облысы,
а.ж. 17-19 мамыр Алматы облысы,
а.ж. 21-25 маусым Шығыс Қазақстан облысында зерттеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, көші-қон, оның ішінде өңірлердегі репатриация мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері және репатрианттық қоғамдастықтың көшбасшыларымен 37 кездесу өткізілді (182 адам).
6. «D. L. and Co» ЖШС және «Исследовательский институт «Общественное мнение» ЖШС бекітілген талдамалық зерттеулер жүргізу кестесіне сәйкес 14 облыс пен ҚР Республикалық маңызы бар 3 қалаларында 1991 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін этникалық репатриация саясаты шеңберінде Қазақстанға келген репатрианттар арасында демографиялық жағдай, сондай-ақ әлеуметтік көңіл-күй мәселелерін бойынша зерттеу жұмыстар (сұрақ қою, сауалнама) жүргізуде. зерттеу жұмыстары аяқтау кезеңінде.
7. Екі тұжырымдаманың жобалары әзірленді: шетелдік қазақтармен және елге келген қандастармен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру тұжырымдамасы және шетелдік қазақтармен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру жөніндегі тұжырымдамалық тәсілдер.
8. ҚР ЕХӘҚМ және көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның 2021-2025 жылдарға арналған «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасын; Қазақстан Республикасы Еңбек нарығының 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын; көші-қон саясатының тұжырымдамасын (репатриация мәселелері бөлігінде) әзірлеу жөніндегі жұмыс топтарының отырысына қатысты.
9. Қандастарды қолдау туралы қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларға сындарлы ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленді:
9.1. Қазақстан Республикасы Көші-қон саясатының 2017-2021 жылдарға арналған тұжырымдамасы:
Анықтама үшін:
Ұсыныстар мен ұсынымдар:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы шетелдегі отандастармен мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысына мынадай мәселелер шығарылсын:
– өңірлік квоталарды жылына 10 000 отбасына дейін ұлғайту (айналық қағидатын қолдану);
– шетелде тұратын этникалық қазақтардың ұлттық қатыстылығын анықтау туралы.
9.2. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасына
Анықтама үшін:
Ұсыныстар мен ұсынымдар:
1) Қалаға қоныс аударғандармен салыстырғанда ауылдық жерге қоныс аударғандарға арналған материалдық көмектің мөлшерін ұлғайту ұсынылады (қалаға қоныс аударғандарға, ауылға қоныс аударғандарға арналған материалдық көмекті қайта бөлу жолымен ұлғайту).
9.3. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Анықтама үшін:
Ұсыныстар мен ұсынымдар:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы шетелдегі отандастармен мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысына мынадай мәселелер шығарылсын:
– барлық өңірлердің ЖАО-сына бос жер учаскелерін, оның ішінде қандастар беру үшін цифрлауды жүргізуді тапсырсын;
– иммиграциялық жер қорын әзірлеу/жаңарту жөніндегі жұмысты жандандыру (өңірлік бөліністе иммиграциялық жер қорын қалыптастыру);
– жер учаскелерін алған қандастар саны туралы статистикалық есеп жүргізуге бастамашылық ету туралы (өңірлер бөлінісінде, жер учаскесінің типтері бойынша, нысандары мен иелену мерзімдері бойынша және т.б.).
10. Шетелдік және елге келген қазақтармен өзара іс-қимыл саласында лобби қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесу өткізілді (К.Ж. Иса, А.Б. Берік, Ф.Қ. Қаменов, Е.Б. Саиров), сондай-ақ ҚХА депутаттық тобымен.
11. «Нұр Отан» партиясының сайлауалды тұғырнамасын іске асыру мәселелері бойынша «Мирас» Қоғамдық кеңесінің жұмысына қатысамыз.
12. Қоғам ҚР АҚДМ сауалдары бойынша маңызды жұмыс көлемін тұрақты негізде өзекті режимде орындайды, оның ішінде жоспардан тыс кеңестер мен кездесулер бойынша құжаттар, сондай-ақ хаттар мен жауаптар жобалары дайындалды.
Анықтама:
ҚР АҚДМ дайындалды және жіберілді:
адвокат А. Умарова, қоғам қайраткерлері Б. Уатхан және М. Мамытхан, «Отандас Ел» РҚБ, «Ұлт Мұраты» ҚБ және т.б. бойынша жауап жобалары;
шетелдік және елге келген қазақтармен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне, Президент Әкімшілігіне, Премьер-Министр орынбасарына өзара іс-қимыл саласындағы мәселелер жөніндегі жобалар және әртүрлі сұрау салулар бойынша басқа да құжаттар (мысалы, а.ж. 7 маусымдағы, 30 маусымдағы).